логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

"ҚАНТ БАҚЫЛАУДА: ДИАБЕТ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ КЕРЕК"

  12.05.2025
"ҚАНТ БАҚЫЛАУДА: ДИАБЕТ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ КЕРЕК"

Қантты диабет кезінде ең маңызды мінез-құлық қауіп факторы - тамақтану!

Дұрыс тамақтану қандағы қант пен холестерин деңгейін тұрақты сақтауға, сондай-ақ дене салмағын қалыпқа келтіруге бағытталған.

«Диабет» диагнозы қойылған әр пациент «нан бірлігі» және «гликемиялық индекс» сияқты ұғымдармен таныс болуы керек. Бұл көмірсулардың күнделікті мөлшерін бақылау үшін қажет, оны есептеуді дәрігеріңіз үйрете алады.

1 нан бірлігі (Нб)=10-12 грамм көмірсулар (санауға ыңғайлы болу үшін 10 г алуға болады).

1 Нб орта есеппен қант деңгейін 2-2,8 ммоль/л арттырады.

Гликемиялық индекс (ГИ) өнімнің глюкозаға айналу және қанға ену жылдамдығын көрсетеді. ГИ неғұрлым жоғары болса, қан глюкозасы соғұрлым тез көтеріледі. Төмен ГИ ≤ 55, орташа – 56-69, жоғары 70 және одан жоғары. Мысалы, ақ нанның ГИ =100.

Өнімдердің гликемиялық индексімен, сондай-ақ нан бірліктерін болжамды санау келтірілген арнайы кестелері бар (интернет ресурстарды қараңыз).

ҚД кезінде тамақтану бойынша негізгі ұсыныстар:

1. Тамақтанудың жүйелілігі: қандағы қанттың көтерілуін болдырмау үшін күніне 4-5 рет бір уақытта аз мөлшерде тамақтаныңыз.

2. Күрделі (баяу) көмірсулар қарапайым (жылдам) көмірсулардың орнына:

Қандағы қантты баяу көтереді, яғни ГИ төмен.

Қандағы қантты тез көтереді ГИ орташа және жоғары.

Жарма (қарақұмық, сұлы жармасы, арпа), тұтас дәнді нан, бұршақ дақылдары мен көкөністер (крахмалсыз – жапырақты көк, қырыққабат, қияр және т.б.).

Қант, бал, кәмпит, тоқаш, жеміс шырындары, тәтті сусындар, жүзім, банан және басқа да тәтті жеміс, тәтті көкөніс, дайын таңғы ас, балмұздақ және т. б.

3. Азырақ май (майлы, қуырылған тағамдар инсулинге сезімталдықты бұзады).

Пайдалы майларды таңдаңыз: зәйтүн, зығыр майы, авокадо, жаңғақтар, балық. Тамақты буда, пеште немесе суда қайнатып пісіріңіз.

Шектеңіз: майлы ет және сүт өнімдерін, қуырылған тағамдарды.

Тұтынбаңыз: құрамынды зиянды майлары бар дұкен шұжықтарын, шұжықшаларын, фаст-фуд.

4. Тағамдық талшықтарды көбірек тұтыну: тәтті емес көкөніс пен жеміс, дәнді дақылдар мен бұршақта қант деңгейін бақылауға және ас қорытуды жақсартуға көмектесетін талшықтар бар.

5. Ақуыз - рационның маңызды бөлігі. Ақуыз ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектеседі және қандағы қант деңгейіне әсер етпейді. Рационға жылқы етін, майлы емес құс етін (күркетауық, тауық) балық, жұмыртқа, сүзбе, бұршақ дақылдарын қосыңыз.

7. Су. Суды жеткілікті мөлшерде ішу метаболизмді жақсартады, сусызданудың алдын алады. Судың тәуліктік мөлшері дене салмағына 25-30 мл/кг (егер қарсы көрсетілімдер болмаса).

8. Өнім таңбаларын мұқият оқыңыз. Құрамы мен өнімнің 100 гр. тағамдық құндылығын оқыңыз. Көмірсулар, майлар, химиялық тағамдық қоспалар көп болатын тағамдардан аулақ болыңыз.

Есіңізде болсын! Осы ұсыныстарды сақтау диабетті жақсы бақылауға көмектеседі. Жеке рацион құру үшін емдеуші дәрігермен немесе диетологпен кеңесіңіз.


Аурухана серіктестері