Құрметті пациенттер!
Сіздер үшін біздің Ауруханада салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жұмыс істейді, оның миссиясы – адамның басты құндылығы ретінде денсаулыққа дұрыс көзқарас қалыптастыру, денсаулық пен жақсы психофизикалық жағдайды өмір салтына айналдыру.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (бұдан әрі – СӨСҚО) «Қазақстан-2050» стратегиясы, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына негізделген «СӨСҚО орталығын ұйымдастыру және оның қызметі туралы ережені бекіту туралы» «ҚР ПІБ МО ауруханасы» РМК Бас дәрігерінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №58 бұйрығына сәйкес құрылды.
СӨСҚО миссиясы: хабардарлықты арттыру арқылы халықтың негізгі адами құндылық ретінде денсаулығына дұрыс көзқарасын дамыту, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын, өз денсаулығын басқаруды үйрету.
СӨСҚО міндеттері:
1) адамдардың өз денсаулығына қатысты мінез-құлқын өзгерту процесіне бағытталған оқытудың тұрақты жұмыс істейтін ақпараттық-білім беру жүйесін құру;
2) пациенттердің аурулардың дамуының мінез-құлық қауіп факторлары туралы хабардарлығын, өз денсаулығын сақтау үшін жауапкершілігін арттыру;
3) пациенттерде олардың денсаулығына жағымсыз әсер етуді төмендету бойынша мінез-құлық қауіп факторларын қалыптастыру;
4) пациенттің өз денсаулығына рационалды және белсенді көзқарасын, сауығуға мотивациясын және т.б. қалыптастыру;
5) пациенттерде денсаулық жағдайын өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
6) пациенттердің денсаулығына әсер ететін себептерді, факторларды талдау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру және пациенттерді жеке сауықтыру жоспарын жасауға үйрету;
7) медициналық ұйымға және алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарына бейінді емес жүктемені азайту.
СӨСҚО орталығы «C2» блогы, 3 қабат, №1А кабинетте орналасқан
Жұмыс кестесі: күн сайын 8:00-16:30
Байланыс телефоны: 70-80-35
Орталықта 5 денсаулық мектебі жұмыс істейді, онда Сіз білім алып, келесі бағыттар бойынша өз-өзіңізге және өзара көмек беру дағдыларын үйрене аласыз:
1) «Диабет мектебі» - қауіп факторлары бар пациенттер мен қантты диабетпен ауыратын науқастар үшін.
2) «Сау жүрек, таза қантамырлар» - қан айналымы жүйесі аурулары (АГ, ЖИА және т.б.) бар пациенттерге арналған денсаулық мектебі.
3) «Еркін тыныс» - бронх демікпесі және созылмалы обструктивті өкпе ауруына шалдыққан пациенттерге арналған денсаулық мектебі.
4) Жас аналар мен әкелерге арналған «Отбасын жоспарлау» мектебі.
5) Денсаулық үшін қауіп факторлары бар пациенттер мен қатысуға ниет білдірген барлық адамдар үшін «Мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы» мектебі.
Негізгі тақырыптық циклдардан басқа, дұрыс тамақтану, темекі шегудің алдын алу, физикалық белсенділік, онкологиялық және басқа аурулардың алдын алу, стрестің алдын алу, коммуникациялық дағдылар және т.б. бойынша дәрістер өткізіледі. Сондай-ақ, СӨСҚО-да аурулардың алдын алу бойынша жаднамалар, буклеттер, трифлеттер түрінде ақпараттық-оқыту материалдары таратылады.