Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Наурыз мерекесі қарсаңында Президенттік клиника қызметкерлері арасында таланттар байқауын жариялаймыз!

  09.03.2021
Егер Сіз Аурухананың қызметкері болсаңыз және бойыңыздағы талантыңызбен бөліскіңіз келсе, онда Сіздің байқауға арналған видеоңызды күтеміз! Шығармашылығыңыз арқылы өзіңізді танытуға және құнды сыйлық иегері атануға тамаша мүмкіндігіңіз бар!

Байқау кәсіподақ ұйымымен бірлесіп өткізіледі.

Бастысы тек ұлттық тақырыпта видео түсіру керек. Сіз өлең оқып, ән айтып, домбырада ойнап, би билеп және басқа өнеріңізді көрсете аласыз.
  • Видеоның ұзақтығы 30 секундтан 1 минутқа дейін болу керек.
  • Видеоның бағыты көлденең болуы керек.
  • Видеороликте бөгде шу болмауы тиіс.
  • Видео сапалы болуы керек (кем дегенде 720p), телефонға түсіруге рұқсат етіледі (мысалы: iPhone телефоны 6 және одан жоғары нұсқасына).
  • Видеоны 15 наурызға дейін аты-жөніңізді және лауазымыңызды көрсете отырып, marketingbmcudp@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет.

Егер қатысушылар саны 10 адамнан асатын болса, онда ұйымдастырушылар кәсіподақпен бірлесіп қатысушылар арасында алдын ала іріктеу өткізеді. Осыдан кейін Сіздің видеоңыз Президенттік клиниканың ресми аккаунттарына орналастырылады.

Үздік жұмыстар 17-18 наурыз күндері Telegram каналында дауыс беру арқылы анықталады (t.me/bmcudprk). Дауыс беруге барлық тілек білдірушілер қатыса алады!

19 наурызда Президенттік клиниканың ең талантты қызметкерін білетін боламыз!

posts IG 2-10.png


Аурухана серіктестері