Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиниканың ЛОР дәрігері Атырау облыстық ауруханасында шеберлік сыныбын өткізді

  10.03.2022

Президенттік клиниканың ЛОР бөлімінің меңгерушісі, профессор Талапбек Аженов Атырау облыстық ауруханасының ЛОР бөлімшесінде шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныбында ЛОР патологиясы бар науқастарды консультативті бақылау, тексеру және хирургиялық көмек үшін жаңа технологияларды енгізу туралы тәжірибе алмасты.

Екі күн ішінде Талапбек Аженов 50-ден аса науқасқа консультация беріп, оның ішінде сирек кездесетін ауруларға диагностика жасады. Сонымен қатар, ол бірқатар операция жасап, жергілікті дәрігерлерге бағыт-бағдар берді. Өз сөзінде Талапбек Мұратұлы науқастардың ішінде құлақ мүкістігіне шағымданған науқастар көп және ЛОР патологиясының асқынуына шағымданған науқастар болғанын айтты. Өткен операциялар эндоскопиялық құрал арқылы жасалған және бір науқаста сирек кездесетін «Мукоцеле» диагнозы анықталды.

Бұл шеберлік сыныбына аурухана дәрігерлерінен басқа өзге де дәрігерлер келіп тәжірибе алмасты. Олар қосымша білім алып, алдағы уақытта алған тәжірибелерін қолданатынын атап өтті.


Аурухана серіктестері