Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

2021 жылғы 1 маусымда Кюри институтының және ҚР-дағы Франция Елшілігінің өкілдері Президенттік клиникаға ресми сапармен келді

  02.06.2021
Кеше, 2021 жылдың 1 маусымы Президенттік клиникаға Кюри институты мен Францияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері келді.

Сапар аясында делегация өкілдері кардиохирургия, нейрохирургия және көз микрохирургиясы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Делегация құрамы:
  • Пьер Анхури (Кюри институты) - медицина ғылымдарының докторы, Кюри институтының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры
  • Алексис Бурнод, (Кюри институты) - жедел жәрдем дәрігері, Кюри институтының халықаралық қатынастар жөніндегі директорының орынбасары
  • Жером Сустье (СЗМ және Кюри институты) - CЗМ президенті www.c3medical.com және Кюри институтының халықаралық даму бөлімінің бастығы
  • Александра Тиркюир-Менс - ҚР-дағы Франция Елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі атташесі
  • Адель Абенова – «Денсаулық Қазақстан-Өзбекстан ИЖОҚ» жауапты тұлға.

86.png


Аурухана серіктестері