Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ONCOMINE Comprehensive ASSAY

  31.05.2021
Қатерлі ісіктің дамуы - бұл әртүрлі факторлар қатысатын күрделі процесс. Бұл өмір салты, химиялық заттар мен радиацияның әсері, сондай-ақ гендерде пайда болатын мутациялар.

Сондықтан да қандай да бір қатерлі ісік кезінде ауруды асқындыратын генетикалық құраушыны тексеру маңызды. Бұл ақпарат дәрігерлерге емдеудің тиімді тактикасын құруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар науқастың туыстарында онкологиялық аурудың болу ықтималдығы бар-жоғын түсінуге көмектеседі.

Президенттік клиникада мутацияның бар-жоғын анықтау үшін бір тексеру барысында бірден 161 генді тексеруге тамаша мүмкіндік бар. Бұл тексеру гендерді зерттеудің жоғары дәл және тиімді әдісі ретінде өзін дәлелдеген ONCOMINE Comprehensive ASSAY арнайы панелінде жүргізіледі.

Толық ақпарат алу үшін Президенттік клиниканың Дербес геномдық диагностика зертханасына 8 (7172) 70-81-34 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

87.png


Аурухана серіктестері