Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Доктор Кулыбекованың күлімдеген күлкісі

  02.03.2021
Бүгін Президенттік клиниканың дәрігер-эндоскописті Гульмира Кулыбекова туралы әңгімелейміз.

Гульмира бірден өзінің жастық шағындағы оқиғасын есіне алды:

«Баяғыда жас кезімде, ол уақытта Алматыда тұратынмын, бір үйлену тойына бардық. Бұл сол кездегі ең күшті той болған: тойда ән салу үшін тіпті Киркоровтың өзі келген еді.

Жаспыз ғой, әбден көңіл көтердік, биледік. Бұл бір керемет кеш болды. Киркоров ән салғанда, одан керемет энергетика аласың. Ол бір кезде: «Ал, енді осы залдағы ең сұлу қызды сахнаға шақырайық!» - деді.
Тұрып, тұрып мен: «Ой, бұл мен ғой!» - деп ойладым. Содан кейін сахнаға атып шығап, қасына тұрып, қолынан алдым. Ол мені сүзе бір қарады, өзі тіпті бойы ұзын, үп-үлкен еді. Содан: «Бәрі түсінікті. Ал, енді жас келінді сахнаға шақырайық!» - деді. Осылай болды, ойлаңызшы?» - деп күлді Гульмира.

Бұдан әрі Гульмира өзінің уақытты қалай өткізетіндігі туралы әңгімеледі. Біздің ойымызша, ол өте белсенді адам:

«Мен - әжемін. Менің 11 айлық немерем бар. Мен оны демалыс күндері алып кетіп, барлық уақытымды соған арнауға тырысамын.

Ауа-райы жақсы болып тұрған кездері, көктемде, жазда жұмысқа велосипедпен келемін. Фитнеске уақытымның жетпейтіндігін түсіндім. Жалпы, Астанада таңғы таза ауада жүру керемет қой. Өте бір күшті көңіл күйде боласың: жұмысқа керемет қуат алып, сергек болып келесің де, күні бойы жұмыс істейсің. Жұмыстан қайтқанда да өзен жағалауымен велосипед теуіп баруға болады. Осылайша бір күндік дене шынықтырудың жоспарын орындайсың.
Сонымен қатар, мен саңырауқұлақ тергенді ұнатамын. Досым екеуіміз барлық ормандар мен орман алқаптарын шарлап, көктем шыққаннан күздің соңына дейін саңырауқұлақ жинаймыз. Менің ойымша, бұл өте пайдалы хобби. Біріншіден, қысқа дайындық жасаймыз. Екіншіден, орманда серуендейміз. Үшіншіден, біраз тыныштық күйде боласың. Бұл өте пайдалы.

Сондай-ақ, мен 10 шақырым марафон жүгіріп өткен адаммын. Айтпақшы, жақсы нәтиже көрсеттім. Әрқашан жүгіруге тырысамын, ал егер жүгіруге мүмкіндігім болмаса, айналамдағы адамдарды қуаттандырамын. Жүгіруге шақырамын.
Бастапқы кезде мен Марат Жыланбаевпен бірге айналыстым. Бұл әлемнің барлық шөлдерінен жүгіріп өткен әйгілі марафоншы. Ол кісімен танысу және 10 сабақ бойы араласудың өзі қызық болды. Біз таңғы 5-те шығып, 6-ға дейін жүгіретінбіз. Ақпан айы болатын. Бір күні 36 градус аязда жүгірдік, бетіміз, бас киіміміз де қарға айналды. Тіпті кірпігіміз бас киімімізге жабысып қалған күндер де болды. Бас киімімізді жөндеген кезде, кірпігіміз жұлынып қалатын».

Біз таңертеңгі жұмысқа келер жолда орын алған қандай да бір қызықты жағдайдың болған-болмағанын сұрап көрдік. Сөйтсек, шынымен бір оқиға болған екен:

«Күнде велосипедпен жүрсең, әдетте бір жолмен жүресің. Уақыт өте келе жолда бір көрген адамдарды жиі кездестіресің: біреу жұмысқа шығып бара жатады, біреу итін серуендетіп жүреді, ал енді біреуі көлігін қыздырып тұрады. Осылайша еріксіз сол адамдармен амандаса бастайды екенсің. Бір күні мен бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған едім. Басқа бір велосипедші қасыма келіп тоқтады. Менімен амандасты. Мен оған сыпайы түрде жауап бердім. Одан кейін ол менің велосипедімді мақтады, мен де өз тарапымнан оның велосипедінің «жаман еместігін» айтып қоямын.

Мен велосипедпен жүре бастағанда, арнайы киімімнің жоқ екені белгілі болды. Сатып алуға уақыт болмады. Ұлым әскерге кеткен, оның бүкіл гардеробы менің қолымда еді. Сөйтіп, оның жемпірін, қалпағын, жылы шалбары мен қолғабын киіп жүрдім. Бәрі қара түсті, кейбір жазулар бар, әйелдерге тән ешнәрсе жоқ еді.

Содан әлгі велосипедші маған: «Сіз Абу-Дабидансыз ба? – деп сұрады.

Мен болсам ішімнен: мен ешқашан онда болмағанмын – деп ойлап қоямын. – Жоқ, - деп жауап бердім.

Содан ол артынан: «Қай құрылыстансыз?» - деп сұрады.

Сөйтсем, ол - құрылысшы екен. Мені мына түрімді, «керемет» велосипедімді көріп, Абу-Дабида істейтін - маляр қыз деп ойлап қалған болу керек.

Жұмысқа келіп, әріптестеріме айтып бергенмін. Енді олар мені мазақ еткісі келгенде: «Ал сіз қай құрылыстансыз, Гульмира Еркебаевна?» - деп әзілдейді.

Гульмира өзінің өмірлік ұстанымымен бөлісіп, былай деді:

«Кез-келген нәрсені позитивпен қабылдау керек. Жас ұлғайған сайын ешкімге ренжуге болмайтындығын түсінеді екенсің. Рахаттана өмір сүру керек. Әрісере коронавирустың соңғы кезеңі бізге: бір сәтте өзіңнің өмір сүру ырғағың ғана емес, сондай-ақ бүкіл елдің, тіпті әлемнің өмір ырғағы өзгеріп кетуі мүмкін екен көрсетті».

улыбка врача-17.png


Аурухана серіктестері