Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дүниежүзілік иммунитет күні

  01.03.2021
Бұл күннің мақсаты - жұқпалы аурулардың барлық түрлерінен ағзамызды қорғайтын - иммунитет туралы адамдардың есіне салу.

Бүгін біз қорғанысыңызды нығайтуға және өміріңізді салауатты ете түсуге көмектесетін әдеттермен бөлісеміз.
  • Шылым шекпеңіз
  • Жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыныңыз
  • Спортпен тұрақты айналысыңыз
  • Дұрыс салмақты сақтаңыз
  • Егер алкогольді тұтынатын болсаңыз, тек қалыпты мөлшерде ішіңіз
  • Ұйқыңызды қандырыңыз
  • Жұқтыру қаупін азайту үшін шаралар қолданыңыз. Мысалы, қолыңызды жиі жуып, маска тағыңыз
  • Күнделікті өмірде күйзелісті азайтуға тырысыңыз
  • Вакцина туралы ұмытпаңыз. Вакцина иммундық жүйеңізді инфекциямен күресуге дайындайды және оны тез жеңуге көмектеседі.

22.png


Аурухана серіктестері