Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиниканың гинеколог дәрігері Гүлбарам Башарова гинекологқа барар алдындағы қажетті дайындық және әдетте тапсырылатын анализдер жөнінде баяндайды.

  22.01.2021

«Гинекологтың консультациясына жүгінердің алдында, әрбір пациент дайындалып, белгілі бір шараларды сақтап және өзін қызықтыратын сұрақтарды немесе мәселені дайындап келуі тиіс», - дейді Гүлбарам Есенбекқызы.

Сонымен, пациент:

  • дәрігерге барар алдында үш күн жыныстық тыныштықты сақтауы керек;
  • қынап балауыздарын, жақпаларды және кремдерді пайдаланбауы керек;
  • душ қабылдауы керек. 

Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, әрбір әйел гинекологтан үнемі медициналық тексеруден өтіп тұруы керек: «Жарты жылда бір рет міндетті тексеруден өту керек. Жылына бір рет онкоцитологияға және қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды тапсырып отыруы қажет. Сондай-ақ, егер шағымдары болса, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тест тапсыруы керек».

Қажет болған жағдайда, гинеколог түрлі анализдер мен ультрадыбыстық зерттеулер сияқты аспаптық тексерулерді тағайындайды.

Мысалы, егер пациенттің етеккірі тұрақты келмесе немесе бедеулікке қатысты проблемалары болса, онда оған ЛГ, ФСГ, пролактин, жалпы тестостерон және ТТГ анализдерін тапсыру ұсынылады. Бұл гормондарды белгілі бір күндерде тексеру керектігін есте ұстаған жөн: циклдің 3-5-күні.

«Гинеколог жасалған талдаулардың нәтижелеріне байланысты одан әрі қажетті талдауларды анықтауы тиіс», - деп қорытындылады Гүлбарам Есенбекқызы.

36.png



Аурухана серіктестері