Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік аурухананың директоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Валерий Бенберин "Зертханалық тәжірибе. Болашаққа көзқарас" тақырыбындағы ҚР Зертханалық медицина мамандарының III-ші республикалық форумының қатысушыларымен сәлемдесті.

  23.10.2020
Валерий Бенберин қоғамның игілігі үшін зертханалық медицинаны дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, клиника директоры қатысушыларға сәттілік және мақсаттарға қол жеткізуге тілектестігін білдірді: "Сіздерге зертханалық медицина мамандарының форумында жемісті жұмыс жасауға, жұмыста үлкен жетістіктерге жетуге және жоспарланған жоспарларды іске асыруларыңызды тілеймін!”

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Президенттік аурухананың қолдауымен "Зертханалық медицина федерациясымен" ҚБ ұйымдастырған "Зертханалық практика. Болашаққа көзқарас" тақырыбындағы ҚР Зертханалық медицина мамандарының III-ші республикалық форумы өтуде.



Аурухана серіктестері