Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиникадан пайдалы кеңестер. Антибиотикке резистенттілік

  16.09.2020

Бактериялар, осы кішкентай ғана организмдер қалайша адамзаттың ең күшті қарсыласына айналды?

Адамдар мен бактериялар арасындағы күнделікті күресте көптеген қарулар қолданылады. Мысалы, адам өзінің иммундық жүйесін қолдана отырып, организмге  енген бактерияны жеңуге тырысады. Иммундық жүйеге көмекке антибиотиктер келеді. Олар қауіпті бактериялық инфекцияларды бұзатын қару. Мұндай керемет қару тұрғанда адам ешқандай бактериядан қорықпау керек еді ғой. Бірақ бұл олай емес.

Бактериялар, бұл - ең мықты стратег сияқты, осы күрес жолында түрлі жолдарды тауып алып, өсіп-өніп, өмір сүруге тырысады. Сөйтіп, бактериялар мутацияға ұшырайды, өзгереді, жаңа жағдайларға бейімделеді. Уақыт өте келе, бұрынғы антибиотик көмектесе алмайды, келесіде  адам бұдан да күшті антибиотикке көшуі керек болады. Сондықтан супер күшті бактериялар пайда болады, сондықтан антибиотикке резистенттілік (төзімділік) дамиды.

Егер жаңа антибиотикке ауыса алу мүмкіндігі болса, онда резистенттіліктің қандай қауіпі бар деп сұрайсыз?

Өкінішке орай, әр антибиотиктің қандай да бір жолмен әсер етуі мүмкін өзіндік бактериялар тізімі болады. Сонымен қатар, әлемде адам қолдана алатын антибиотиктердің шектеулі саны бар. Нәтижесінде, белгілі бір уақытта адамзаттың супер күшті бактерияларға қарсы арсеналы қалмауы мүмкін. Мәселен,  тіпті ең дамыған антибиотиктердің өзі де пациенттерге көмектеспеген, түбінде өлімге әкелген жағдайлар да тіркелген. Осындай жағдайға жол бермеу үшін, қаруды ысырап етпестен адамдар антибиотиктерді дұрыс ішуді бастауы керек.

Бүгін біз сізге антибиотикке резистенттілік туралы инфографика дайындадық, онда сіз резистенттіліктің дамуын қалай болдырмауға болатындығын біле аласыз. Өзіңізде сақтап алыңыз және жақындарыңызбен бөлісіңіз!

Антибиотикорезистентность (каз).jpg



Аурухана серіктестері