Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиникадан пайдалы кеңестер. Маска кию туралы барлық ақпарат.

  09.09.2020

COVID-19 жұқтырған екі шаштараздың ауруды  139 клиентке қалай  жұқтырмағаны туралы.

Пандемия кезінде Американың кейбір штаттарында мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысына шектеулер әлі енгізілген жоқ болатын. Мәселен, 2020 жылдың мамыр айында Миссури штатының Спрингфилд қаласында қала тұрғындары спорт залында жаттығуға немесе мейрамханаға баруға мүмкіндіктері болды. Оның қатарында сұлулық салондары да бар. Олар клиенттерді қабылдауды жалғастыра берді. Осы салондардың бірінде келесі оқиға болды.

12 жылдың 2020 мамыр айында стилисттердің бірі коронавирустық инфекцияға ұқсас алғашқы белгілерді байқайды. 3 күннен кейін екінші стилист денсаулығының нашарлауын сезінді. Симптомдарға қарамастан, екі шаштараз да COVID-19 -ға ПТР талдауының оң нәтижесін алғанға дейін жұмысын жалғастырды. Алайда, алғашқы белгілерден бастап коронавирустық инфекцияның оң тестті шыққанға дейін екі шаштараз бір аптаға жуық жұмыс істеді. Осы кезеңде олар жалпы 139 клиентке қызмет көрсетті.

Бұл оқиға екі адамның жүзден астам адамға жұқтырған жағдайдың бірі болуы мүмкін еді. Олар өз кезегінде мың адамға жұқтырып, бүкіл қаланы қиын жағдайға душар етер еді.

Алайда, бұл оқиға  жоқ. Пандемия басталғаннан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде сұлулық салоны қызметкерлерінің немқұрайдылығына қарамастан, 139 клиенттің бірі де коронавирусты жұқтырған жоқ. Бұл шараларға әлеуметтік қашықтық, орынжайлар мен креслоларды үнемі дезинфекциялау, клиенттерді әртүрлі уақыттарға бөлу кірді. Ал ең басты факторлардың бірі - клиенттердің де, салон қызметкерлерінің де үнемі маска киді.

Бұл "тәжірибені" өткізуге ешкімнің батылы жетпейтін еді. Алайда бұл мән жағдайлардың қиюласуынан орын алды десек болады. Бұл жағдай қоғамда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін ұсынылған шаралардың маңыздылығы мен тиімділігін айқын көрсетті.

Бүгін біз сіздерге маскалар мен оларды қолдануға қатысты ұсыныстар туралы егжей-тегжейлі ақпарат беретін инфографиканы дайындадық. Өзіңізді сақтап алыңыз және жақындарыңызбен бөлісіңіз!

Все о ношении масок (каз).jpg


Аурухана серіктестері