Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Қарағанды облысындағы күндері аяқталды: 23 операция, 102 консультация, 20 дәріс (699 тыңдаушы)

  01.03.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Қарағанды облысындағы күндері аяқталды: 23 операция, 102 консультация, 20 дәріс (699 тыңдаушы)

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері Қарағанды облысындағы жұмыс сапарын сәтті тәмамдады.

Сапар барысында ҚР ПІБ МО ауруханасының жоғары санатты нейрохирург дәрігері Мыңжылқы Бердіқожаев барлығы 5 күрделі операция жасап, 26 өңір тұрғынына консультация жүргізді және барлығы 35 медицина қызметкері қатысқан 2 дәріс оқыды. Ал Хирургиялық қызмет басшысы Берік Кайкенов 1 операция жасап, 7 дәрігерлік кеңес өткізді. Урологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бахтияр Қасымов және уролог дәрігері Айгүл Абдрахманова, проктолог дәрігері Григорий Яковенко барлығы 8 операция жасады және 10 дәрігерлік кеңес жүргізді. Жалпы хирургия дәрігерлері Талғат Оразов пен Антон Ли 4 операция жасады, сондай-ақ 2 консультациялық қабылдау жүргізді.

Іссапар аясында Аритмологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бас аритмолог Аян Әбдірахманов 2 күрделі операцияны сәтті өткізіп, 3 тұрғынды қабылдады және өңірдегі 23 әріптесіне 1 дәріс оқыды. Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Әлибек Тойбаев 1 науқастың жүрегіне операция жасады. Гинекологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Гүлбарам Башарова 1 операция жасап, 9 тұрғынды қабылдады.

Бұдан бөлек, Эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Арсен Түсіпбаев 3 күрделі операция жасап, өңірдегі 40 әріптестің қатысуымен 3 дәріс оқыды. Сондай-ақ Оториноларингологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Арман Нағұманов 1 операция жасап шықты.

Қарағанды облысындағы медицина қызметкерлеріне арналған дәрістер легіне келсек, аурухана директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева барлығы 3 дәріс оқыды, оған онлайн және офлайн форматта барлығы 204 адам қатысты. Аурухананың бас гастроэнтерологі Бақытжан Биімбетов 40 медицина қызметкеріне онлайн және офлайн форматта 1 дәріс өткізді. Сонымен қатар дәрігер 12 тұрғынға кеңес жүргізді. Аллергология орталығының меңгерушісі Ғалия Түсіпбекова өңір дәрігерлеріне дәріс оқып, 13 пациентке кеңес берді.

Бас эндокринолог Гүлмира Туксаитова өңірдің эндокринолог дәрігерлеріне 2 дәріс оқып, 11 науқасқа кеңес жүргізді. Cheсk-up бөлімшесінің меңгерушісі Жазира Тұңғышбаева 2 танымдық презентация өткізді, оларды тыңдауға 44 медицина қызметкері қатысты. Ал №4 терапия бөлімшесінің пульмонолог дәрігері Мадина Есенгелдинованың дәрісіне 40 тыңдаушы келді. Сондай-ақ дәрігер халыққа 9 консультациялық қабылдау өткізді.

Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматологі Ғалия Шарипованың 2 дәрісін онлайн және офлайн форматта барлығы 109 адам тыңдады. Клиникалық-фармакологиялық бөлімінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова онлайн және офлайн барлығы 204 адам қатысқан 3 дәріс оқыды және дәріхана қызметкерлері Клиникалық-фармакологиялық бөлімді ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес алғанын да атап өткен жөн. Ал Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының меңгерушісі Гүлшара Әбілдина 15 адамға 1 дәріс оқыды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы сапарда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы және облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Аурухана серіктестері