Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қарағанды облысындағы үшінші күн: 6 операция, 27 консультация, 7 дәріс

  29.02.2024
Қарағанды облысындағы үшінші күн: 6 операция, 27 консультация, 7 дәріс

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы дәрігерлерінің Қарағанды облысындағы жұмыс сапары жалғасуда.

Іссапардың үшінші күнінде Аритмологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бас аритмолог Аян Әбдірахманов қарыншалық тахикардия абляциясы бойынша 2 күрделі операцияны сәтті өткізіп, 3 тұрғынды қабылдады және өңірдегі 23 әріптесіне «Жүрек ырғағы бұзылысын интервенциялық емдеу» тақырыбында дәріс оқыды.

Хирургиялық қызмет басшысы Берік Кайкенов атеросклерозға, яғни сол жақ төменгі аяқ артерияларының стено-окклюзиялық зақымдануына 1 операция жасап, 7 дәрігерлік кеңес өткізді. Ал Гинекологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Гүлбарам Башарова әйел жатырына 1 күрделі операция жасап, 9 тұрғынды қабылдады. Сондай-ақ Урологиялық хирургия бөлімшесінің проктолог дәрігері Григорий Яковенко 2 операцияны сәтті аяқтап, 8 науқасты қабылдап үлгерді.

Қарағанды облысындағы медицина қызметкерлеріне арналған дәрістер легіне келсек, ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева офлайн 80 және онлайн 84 тыңдаушыға 2 дәріс жүргізді. Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматологі Ғалия Шарипова 30 офлайн және 39 онлайн тыңдаушыға 1 дәріс, Клиникалық-фармакологиялық бөлімінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова 80 офлайн және 84 онлайн әріптесіне 2 дәріс, Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының меңгерушісі Гүлшара Әбілдина 15 адамға 1 дәріс оқыды.


Аурухана серіктестері