Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аритмологі Аян Абдрахманов Павлодардағы халықаралық конференцияда 3 операциядан шеберлік сабағын көрсетті

  31.05.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аритмологі Аян Абдрахманов Павлодардағы халықаралық конференцияда 3 операциядан шеберлік сабағын көрсетті

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бас аритмологі Аян Абдрахманов Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Қазақстан, Ресей, Арменияның кардиолог, кардиохирург, аритмолог, ангиохирург, анестезиолог-реаниматолог, терапевт және жалпы практика дәрігерлері қатысқан конференцияда МО ауруханасының бас аритмологі Аян Абдрахманов MicraAV электродсыз жүрек стимуляциясын имлпантациялау және Гис будасының сол тармағы аяқшасына қарынша электродын имплантациялау операциясынан үш шеберлік сабағын өтті.

Сонымен қатар жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алудың жаңа тәсілдері, кардиологиялық ауруларды оңалту және алдын алу мәселелері, интервенциялық кардиологияның өзекті мәселелері және кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті ұйымдастыру мәселелері талқыланған конференцияда Аян Абдрахманов «Электродсыз жүрек стимуляциясы» тақырыбында дәріс оқыды.




Аурухана серіктестері