Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Отандық реабилитолог дәрігерлер PNF терапиясын меңгерді

  25.04.2023
Отандық реабилитолог дәрігерлер PNF терапиясын меңгерді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында PNF халықаралық қауымдастығының вице-президенті, IPNFA Advanced Instructor сертификатталған дәрігері Шин Сын-Сабтың (Корея Республикасы) PNF терапиясы бойынша білім беру курсы аяқталды.  

PNF терапиясы – кинезитерапияның заманауи әдісі (қозғалыспен емдеу). Оны 1950 жылдардың басында АҚШ-та Кабат-Кайзер (Кайзер институты, Калифорния, АҚШ) әзірлеген. Бұл әдіс тонустық тығыз бұлшықеттермен нейро-бұлшықет байланыстарын қалпына келтіруге бағытталғанын атап өткен маңызды.

Он күнге созылған курсқа ҚР ПІБ МО ауруханасының Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының реабилитолог дәрігерлері Гүлжан Қайыржанова мен Нұрсұлтан Ермұратов қатысты.

– Кореялық әріптестер қысқа уақыт аралағында инсульт, әртүрлі деңгейдегі травмалардан кейінгі емделушілерге арналған тиімді, пайдалы реабилитация түрлерін үйретіп, күнделікті жұмыс барысында қалай қолдану жолдарымен таныстырды. Курс барысында әр емделушімен тек мазалаған жарақат, отадан кейінгі ауырсыну төңірегінде сөз қозғап ғана қоймай, олардың жан-дүниесіне үңіле отырып жұмыс істеуді үйрендік. Жаны сау науқастың аяққа тұрып ел қатарына қосылу ықтималдылығы басқаларынан жоғары екенін жадымызға түйдік, – дейді реабилитолог дәрігер Нұрсұлтан Ермұратов.

Сондай-ақ курсқа Семей және Шығыс Қазақстан облысы медициналық мекемелерінен келген дәрігерлер де қатысты. Аурухананың «Severance-KZ» халықаралық медициналық орталығы» қоғамдық қорымен және Северанс госпиталімен ынтымақтастығы шеңберінде өткен курс соңында қатысушылар PNF қауымдастығының (АҚШ) халықаралық үлгідегі сертификаттарына ие болды.




Аурухана серіктестері