Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында КТ және МРТ дәрігерлеріне арналған шеберлік сыныбы өтті

  28.11.2022
ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында КТ және МРТ дәрігерлеріне арналған шеберлік сыныбы өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында «Medrad Spectris Solaris инжекторын әртүрлі контраст әдістемелерін пайдалану кезінде қолдану» тақырыбы бойынша КТ және МРТ дәрігерлеріне арналған шеберлік сыныбы өтті. Аурухананың дәрігерлері, республика қалалары мен өңірлерінің клиникаларының өкілдері қатысты.

Шеберлік сыныбын Ресей ДСМ (Санкт-Петербург, Ресей) «В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы» ФМБМ сәулелік диагностика және медициналық визуализация кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Владимир Фокин өткізді.

Медициналық орталық ауруханасының жаңа терапиялық корпусында контрастты препараттарды енгізуге арналған автоматты инжекторы бар Canon фирмасының 1,5 Тл МРТ аппараты пайдалануға берілді. Шеберлік сыныбының шеңберінде МРТ аппаратында практикалық оқыту өтті, ми патологиясы бар 2 пациент зерттеліп, зерттеу қатысушылар арасында талданып, талқыланды.

КТ және МРТ дәрігерлері Владимир Фокиннің «Анатомиялық және функциялық ақпарат алу үшін МРТ-дағы контраст әдістері. Бірмолярлы МРКС артықшылықтары» тақырыбындағы баяндамасымен танысты. Мамандар одан әрі практикада қолдану үшін контраст жасаудың әдістемесі мен техникасын зерттеді: патологиялық процестердің, соның ішінде ісік процестерінің динамикасын бағалау үшін; қан айналымының функциялық бұзылыстарын диагностикалаудың жаңа мүмкіндіктері; қатерсіз және қатерлі ісіктердің дифференциалды диагностикасы.



Аурухана серіктестері