Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының мамандары I Ұлттық респираторлық медицина конгресіне қатысты

  09.11.2022

Конгресте 77 отандық және шетелдік жетекші спикерлер сөз сөйледі. Іс-шара шеңберінде отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен тақырыптық симпозиумдар, шеберлік сыныптары өтті.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Конгрестің негізгі ұйымдастырушыларының қатарында. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бас терапевті, пульмонолог, жоғары санатты терапевт дәрігер, м.ғ.д. Роза Бәкенова бірнеше симпозиумның модераторы және спикер ретінде қатысты. Сондай-ақ, жоғары санатты пульмонолог, Астана қ. ДСБ штаттан тыс бас пульмонологы Мадина Есенгелдинова, жоғары санатты эндоскопист дәрігер Жеңісбек Тыңғозиев және МРТ дәрігері Александр Дунь баяндама жасады.

Конгресс шеңберінде, постерлік сессия, респираторлық медицинада қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен жабдықтардың көрмесі өтті. Шара қатысушыларға  тәжірибе алмасуға және респираторлық медицина саласында дамудың ұлттық мақсаттарын жүзеге асыру бойынша практикалық қадамдар жасауға мүмкіндік берді.


Аурухана серіктестері