логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Samsung Medical Center

Самсунг медициналық орталығы 1994 жылы 9 қарашада «үздік медициналық көмек, озық медициналық зерттеулер мен технологиялар арқылы ұлт денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі, сондай-ақ көрнекті медициналық персоналды дамытуға қосқан үлесі» философиялық тәсілімен құрылды.

Құрылғаннан бері Самсунг медициналық орталығы Кореядағы жаңа тұжырымдамаға айналған «пациентке бағдарланған аурухана» ұранымен алдыңғы қатарлы модельді сәтті біріктіріп, дамытты.

Медициналық қызмет көрсетудің үздік инфрақұрылымымен жабдықталған, оның ішінде көрнекті медициналық қызметкерлер, байланыс жүйесі (OCS), фотосуреттерді архивтеуге арналған байланыс жүйесі (PACS), клиникалық патологияның автоматтандырылған жүйесі және логистиканы автоматтандыру жүйесі, Самсунг МО Кореядағы клиниканың жаңа мәдениетін анықтайтын орталық болып табылады.

Клиника 5 ғимараттан тұрады: бас ғимарат, қосымша ғимарат, онкология орталығы, Протонды терапия орталығы және болашақ медицинасының ғылыми-зерттеу институты, жалпы ауданы 353 мың шаршы метрден астам. Клиниканың төсектік қуаты 1989 төсек-орын, 56 операциялық зал, 188 орын қарқынды терапия бөлімінде. Кадрлық құрамға кіретіндер: дәрігерлер – 1309 адам, мейірбикелер – 2421, ғылыми қызметкерлер – 171 және ӘБҚ 2800 адам.

Күн сайын 9 мыңнан астам пациент амбулаториялық ем алады, 1800 адам госпитализацияланады, 196 пациент* хирургиялық ем алады.

Соңғы 20 жыл ішінде Самсунг медициналық орталығы тұтынушылардың қанағаттану индексі (NCSI) бойынша 14 рет 1 орынға ие болды. Корея Республикасының ауруханалары арасындағы ең ықпалды брендтер рейтингінде 1-орын және Корея Республикасының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарын қамтитын жалпы рейтингте 16-орын алады.

* 2018 жылғы Ресми сайт деректері бойынша

http://www.samsunghospital.com/home/main/index.do

https://www.samsunghospital.com/gb/language/english/main/index.do


Аурухана серіктестері