логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Лейпциг кардиология орталығы

Лейпциг қаласында университеттік зерттеулер мен медицина саласындағы оқытудың ғасырлық дәстүрі бар. 1994 жылғы қыркүйектен бастап өзінің жауапкершілігін сезіне отырып, Лейпциг кардиология орталығы бұл дәстүрді үзбей жалғастырып келеді. Бұл қызмет Лейпциг кардиология орталығы ЖШҚ, Лейпциг университеті және Саксония еркін мемлекеті арасында жасалған ынтымақтастық пен пайдалану туралы келісімге негізделген. 2014 жылғы ақпаннан бастап Лейпциг кардиология орталығы ХЕЛИОС клиникалар тобына кіреді.

Хелиос - бұл Еуропа мен Германиядағы жоғары сапалы медициналық қызметтердің толық спектрі бар 110 жеке клиниканың ең ірі желісі, оларды жыл сайын 5 миллионнан астам неміс және шетелдік пациенттер пайдаланады.

Құрылған сәттен бастап Лейпциг кардиология орталығы ғылыми зерттеулер мен практикалық медицина саласында диагностикадан бастап, жаңа инновациялық әдістерді қолдана отырып, жүрек-тамыр жүйесінің күрделі ауруларын емдеуге дейін жетекші орын алады.

Спектр келесідей медицина салаларын қамтиды: кардиохирургия, кардиология және аритмология, гастроэнтерология және онкология, жалпы және висцералды хирургия, пульмонология және онкология, ортопедия, травматология, ангиология және қан тамыры хирургиясы т. б.

25 жылда Лейпциг кардиология орталығы медицинада жоғары халықаралық деңгейге қол жеткізе алды.

https://www.helios-gesundheit.de/kliniken/leipzig-herzzentrum/


Аурухана серіктестері