логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

Барокамера бөлімінің ұжымына,олардың еңбектеріне мың алғыс,өйткені олар өз жұмыстарыеа өте ұқыпты, үлкен жауапкершілікпен қарайтынын айтып. Сіздерге еңбектеріңізде табыс,от бастарыңыздарға бақыт тілеймін.

Еліміздің салауатты өмір сүруге қосқан үлестеріңе мыңда бір рахмет.

Қожан Т.Ә.

                                                          


Барокамера бөлімінің қызметкерлеріне шексіз алғысымды білдіргім келеді. Мен Асанова Тұрған Нуртайқызы (зейнеткер) қатты ауырып осы емханада ем қабылдадым. Менің ден – саулығымның түзелуіне көп әсері бар деп дәрігерім осы барокамераға жіберді. Мұнда келіп, дәрігерлердің шынайы жарқын жүздерін. Кішіпейілділігін көріп дән риза болдым. Емнің бір бөлігі осы дәрігерлерден келіп жатқан сияқты. Оттегімен емдеу өте дұрыс сияқты.Өзімнің дұрысталып келе жатқанымды сезіндім. Осы бөлімнің қызметкелеріне рахметімді айта отырып,зор денсаулық, еңбектеріне жеміс тілеймін.

Рахмет сіздерге.


Қолда бар барлық қосымшаларды қоса алғанда осы электронды хабарлама «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК тиесілі құпия ақпаратты қамтуы мүмкін, және жоғарыда көрсетілген алушы үшін ғана арналған. Егер Сіз тиісті алушы болып табылмасаңыз, осымен жариялау, көшіру және таратуды қоса алғандағы кез келген әрекеттерге тыйым салынғанын ескертеміз. Егер Сіз осы хатты жаңылысып алсаңыз, өтінеміз, дереу жіберушіге хабарлап, өз жүйеңізден барлық қосымшаларды қоса алғанда осы электронды хабарламаны жойыңыз.

Мен Қайырбекова Наршагүл Қазбекқызы контингент (госслужащий) өзімді емдеп жүрген невролог Сутбаева Ырысты Отеубаеваға үлкен алғысымды айтқым келеді. Жұмысын жақсы атқаратын дәрігер. Алғысым шексіз, ол кісіге денсаулық, мол табыс тілеймін. Сонымен, қатар басқада дәрігерлерге рахметім айтқым келеді.

Қурметті Валерий Васильевич!

Сізді және Сіз басшылық жасап отырған ұжымыңызды «22-Наурыз -Жаңа жыл» мерекесімен шын жүректен қүттықтаймын!

Елбасының алға қойған міндеттерін орындау жолында сіздерге қажымас-талмас қайрат, табысты еңбек тілеймін!

Менің мереке қарсаңында ерекше тоқталып кеткім келіп отырғаным, бізді, кейінгі уақыттарда Сіз басшылық жасап отырған үжымда ұлттық- идеологиялық түсінігі мол, өз міндеттеріне терең бойлап жүмыс істейтін дәрігерлердің ауыруымызды сейілтіп науқастардың сауығып кетулеріне қолда бар мүмкіндіктерін толық және кіршіксіз атқарулары.

Мен мұндай мамандарыңыздың қатарына «Қалыпқа келтіру емі және оңалту Орталығының» төмендегі дәрігерлерін:

-      Мәдинат Амантайқызы Жүнісова - Орталық жетекшісі,

-      Гүлмира Амантайқызы Жакенова - Емдеу жетекшісі,

-      Дүзельбаева Бақыткүл Темірбековна - Дәрігер - реабилитолог,

-      Гүлнәр Шәріпқызы Қажыбаева - Инемен емдеу тобының жетекшісі,

-      Қалиева Айжан Тоқанқызы - Эрготерапия мейірбикесі,

-      Жансейіт Нұрбек- Гимнастика бойынша нүсқаушысы,

-      Еркін Қарғин - Бассейндегі нүсқаушысы,

жатқызбақпын.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында мен ауырып «Иықтың басқа зақымдануы» диагнозымен, тағайындалған физикалық емдерді:

-жеке емдік дене шынықтыру,

-иық буынының белсенді-пассивті дамуы,

-иық белдеуінің бүлшық еттерін нығайту емдік шараларын қабылдадым.

Мен емделіп жүрген сәттерімде Орталықтың меңгерушісі Мәдинат Амантайқызы Жүнісованың жэне Емдеу жетекшісі Гүлмира Амантайқызы Жакенованың жалпы жағдайға түбегейлі көңіл аударып оған алаңдаушылық жасап, өз мамандарымен кеңесе отырып нақтылы да ашық жағдайда орындаған инабатты іс-шараларына өте ризашылығ үмытылмас сезімдемін.

Мен әсіресе алғашқы сәттен бастап денсаулығымдағы проблемалық деталдарды зерттеп-саралап, емделуіме тұрақты түрде кеңес беріп отырған Дәрігер - реабилитолог Бақыткүл Темірбекқызы Дүзельбаеваны ерекше қүрметпен атап өтемін!

Қадірлі Валерий Васильевич!

Бүгінгі мәні зор мереке үстінде Сізге жэне үжымыңызға бар жақсылықтар мен табыстар тілей отырып Сізден:

- Орталықтың меңгерушісі - Мәдинат Амантайқызы Жүнісоваға,

- Емдеу жетекшісі - Гүлмира Амантайқызы Жәкеновага,

-Дәрігер-реабилитолог - Бақыткүл Темірбекқызы Дүзельбаевага, -Инемен емдеу жетекшісі - Гүлнәр Шәріпқызы Қажыбаевга, жэне дәрігер мамандары: Қалиева Айжан Тоқанқызына, Жансейіт Нүрбекке, Еркін Қарғинге

«Наурыз» мерекесі қарсаңында марапат жасалып, сыйақы беріліп және олардың еңбегі өзге мамандарга үлгі болуын сүраймын!

 Қүрметпен,

«Қүрмет» орденінің иегері, зейнеткер

Өмірбай Абайдилдин


Мен Жанабекова Бейбиткул Мауленовна сіздің полик - ның УЗИ врачы Ахметжанова Айжан Ахметжановна, медсестра: Сыздыкбаева Дамеш Ергалиевнаға өз алғысымды айтамын. Бұл кісілер өз ісінің маманы, жұмысына ұқыпты, білімді, саналы, ауруларменен тілтабыса білетін кісілер екен. Бақыт, денсаулық тілеймін.

Құрметті Валерий Валисьевич!

Сізге және барлық ұжымға алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз, әсіресе тіркеу бөлімінін мамандары Гульшат Мукашева, Айсұлу Ақылжанова, Мөлдір Мақсұт, Асем Нұрлыбаева, Алтынай Макишева, Карина Сертаеваларға және №28 тіркеу кабинетінің мамандары Жанна Оспанова, Гульмира Демеуова, Алия Мукашеваларға, сонымен қатар мейірбике Айгерім Камиева, Азиза Нугмановаларға өздерінің функционалдық міндеттерін өте жақсы орындайтыны, кәсібилігі мен жеделдігі үшін ризашылығымды білдіремін.

Еңбектерініз адамдарға тек қуаныш пен шипа сйласын. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, десаулық, күш, бақыт және табыс тілеймін.

Құрметпен, Д. Н. Ганиев

Мен, Төлепбергенов Ерик Сексенұлы сіздердің өте тамаша дәрігерлеріңізге мыңда бір алғыс айтамын, атап өткенде Сарбалинова Гульжан Қонапияқызына және медбейке Жылқайдарова Мира Қалибекқызына. Болашақта сіздердің ұжымдарыңызға үлкен табыстар тілеймін. Құрметпен Төлепбергенов С.


Өмірдің арашасы – дәрігер. Ал дәрігердің ықылысы мың дәрігерден артық. Келген сайын ыстық ықыласымен қарсы алатын жүрегі алтын, жүзі жарқын, адамдығы ерекше Мәдика Мейірімқызы Мұқатайға айтар алғысым шексіз. Ал Бәтия Сатбайқызы бүкіл медбикелердің ішіндегі нағыз алтыннан қымбат адам. Мендегі өтініш осы екі жанға келген сайын қабағы қатыққы жанның өзі күліп шығады. Бұл кісілерге емхана басшылығы марапатқа ұсынса деген ойым бар. Өйткені адамға жылу берген, ықылас  танытқан халыққа жақын докторм –  әлемдегі ең тамаша дәрігерден білемін. Құрметпен Әкім Ысқақ.

Мен Жұмаханова Құралай  осы емхананың гинеколог– дәрігері Алдаберген Гүлмира Сериковнаға  алғыс білдіремін.  Ол кісі, өз ісінің шебері. Анализге қарамай– ақ бәрін дұрыс айтып береді. Кейін анализ тапсырғаннан кейін айтқаны дәл солай болғанда өзің таң қаласын. Дәрігер – тек маман емес, жанның да емшісі десек, Гүлмира Серикқызы адам жанын да  бірден ұғып тұрады. Қолы да, сөзі де алтын осындай дәрігерлердің барына мың шүкір. Гүлмира Серикқызы сияқты өз ісінің маманы бар осы клиника басшылығы мен ұжымына сәттілік тілеймін. Еңбектерініздің жемісін көре беріңіздер! Ізгі ниетпен, Құралай Жұмаханова.

Алдын ала тексеру өте жақсы ұйымдастыру жағдайына қойыпсыздар, кезек күттірмей белгіленген тәртіппен өту ыңғайлы ұйымдастырылыпты. Дәрігерлер де асықпай мұқият қарауға мүмкіндіктері бар. Қаралуға келген кісімен түсінісушілік ортады. Жұмыстарыңыз алға баса берсін, еңбектері өрлей берсін, орындарыңыз төрлей берсін. Рахмет сіздерге!

Әбсаттаров Муталап


Құрметті Валерий Васильевич

Сізге және Сіз басшылық жасап отырған ұжымға, әсіресе тіркеу бөлімінің мамандары Гүлшат Мукашева, Айсұлу Ақылжанова, Мөлдір Мақсұт, Әсем Нұрлыбаева, Алтынай Мәкішева, Карина Сертаеваларға және № 28 тіркеу кабинетінің мамандары Жанна Оспанова, Гүлмира Демеуова, Әлия Мұқашеваларға, сонымен қатар дәрігерлерді үйге шақыру қызметін жүзеге асыратын мейірбекелер Әйгерім Камиева, Әзиза Нугмановаларға өздеріне жүктелген міндеттерін жоғары сапалы деңгейде атқарып, медицина орталығына келушілерге сапалы қызмет көрсеткендері үшін өз ризашылығымды білдіремін.

Сіздердің ерен еңбектеріңізге, жақсы мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш- жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін. Біліктіліктеріңізді одан әрі шыңдап, биік шыңдардан көрінулеріңізге тілектеспін.

Құрметпен, Каримов Н.С.


Құрметті, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Бақармасының Медициналық орталығы ауруханасының Соматикалық бөлімінің кызметкерлері! Бүкіл әлем халқының үрейін алған пандемиядан халқымыздың денсаулығын сақтау үшін тынымсыз еңбек етіп, Ауған соғысы ардагерлеріне мадициналық көмек көрсеткен ақ желеңді абзал жандарға алғысымды білдіремін. Сіздер мамандық алдындағы адалдық, отансүйгіштік қасиеттеріңіздің арқасында әр адамның өмірі үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Әр саулығып кеткен пациент с олардың отбастары мен жақындарына мереке мен қуаныш сыйлайтын сіздердің жеңістеріңіз. Сіздерге мықты деңсаулық, кәсіби өрлеу, отбасыларыңызға бақ – береке тілеймін. Құрметпен, Халық ҚаҺарманы, генерал – лейтенант Б. Ертаев.


Құрметті Валерий Васильевич!


          Сізді және Сіз басшылық жасап отырған ұжымыңызды келе жатқан «Жаңа -2021 Жыл» мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

            Елбасының алға қойған міндеттерін орындау жолында сіздрге қажымас-талмас қайрат, табысты еңбек тілеймін!

            Менің «Жаңа -2021 Жыл» мерекесі қарсаңында ерекше тоқталып кеткім келіп отырғаным, кейінгі кездерде Сіз басшылық жасап отырған кәсіпорын қызметкерлерінің парасатты сезімімен, қызмет бабымен айналысатын жандардың назарына ерекше көңіл бөліп, олардың жағдайын және қиналысын түсініп, мәселелерінің жылдам да, спалы орындалуына белсене еңбек етіп жүрген дәрігерлердің көбейе бастауы. Бізді, кейінгі уақыттарда медицина саласында, оның ішінде Сіздің басшылық жасап отырған кәсіпорында ұлттық-идеологилық түсінігі мол, өз міндеттеріне терең бойлап жұмыс істейтін жас қазах дәрігерлердің көбейіп келе жатқаны қуантады.

         Мен мұндай қызметкерлеріңіздің қатарына, сіздің Кәсіпорыныңызға қарасты «Емдік дене шынықтыру» бөлімшесінің дәрігерлері:

- Мадинат Амантайқызы Жүнісова - орталық жетекшісі,

- Кулмира Амантайқызы Жакенова – үйлестіруші дәрігер,

- Жанат Шәріпқызы Қазыбаева – инемен емдеу дәрігері,

- Қалиева Айжан Тоқанқызы – эрготерапия мейірбикесі,

- Жансейіт Нұрбек - емдік дене шынықтыру нұсқаушысы сияқты парасатты дәрігер мамандарыңызды жазбақпын.

           Жоғарыдағы мамандар осы жұмыстың қыры – сырына жетік, өз еңбектерін еліміздің халқының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қызмет жасап, жұмысының негізгі мақсатын олардың сана сезіміне терең ұғындырып, « емделуші және дәрігер» ұғымына ұлттық кейіпте ерекшеліктер енгізіп, олқылықтарға жол бермеу жолында үлкен ізденіс үстіндегі мамандар екендігін аңғартты.

               Мен емделіп жүрген сәттерімде, әсіресе бөлімше жетекшісі Мадинат Амантайқызы Жүнісованың менің денсаулығымдағы проблемалық деталдарды саралап, оған алаңдаушылық жасап, өз мамандарымен кеңесе отырып нақтылы да ашық жағдайда орындаған инабатты іс – шараларына өте ризашылық сезімдемін.

          Мен сөзім соңында, еліміздің медицина саласында саналы да сапалы қазақ азаматтары мен азаматшаларының көбейіп қалыптасып келе жатқанына қуаныш сезіміді білдіріп, Сіздерді алдағы келе жатқан «2021 Жаңа Жылдарыңызбен» құттықтап және еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мамандарыңыздың осындай алдағы келелі, жақсы жақсы ізденістерге талпынып тұрған сипатын бос жіберуге болмайтыныдығын және оны одан әрі жандандырып, өзге мамандарға үлгі болуы қажет деп санаймын!

                                  Біреулердің өнегелі бір ісін,

                                     Көре тұра көрмегендер құрысын!

                                     Нең кетеді жақсы десең жақсыны,

                                     Нең кетеді дұрыс десең дұрысты?!

                                                                 (Қадыр Мырзалиев)

Құрметпен,

«Құрмет» орденінің иегері, зейнеткер               Өмірбай Әбәйділдин


Жалпы дәрігер атаулының ең басты қасиеті – адамдық ізгілігі. Бұл көп мамандарда кездесе бермейді. Бүгін УДЗ дәрігері Айжан Ахметжановаға риза болдым. Біріншіден, қазақ тілінде сөйлегені, өз ұлтын, мемлекетін құрметтейтін жан екендігі. Бұл ең үлкен жетістігі және қазіргі кездегі ең керек қасиет. Бұл үшін ата-анасына, өзіне мың рахмет! Екінші, әдептілігі, ізгілігі, пациентке деген қамқорлығы. Бөлме іші суық болса да көңілі жылы. Ауруға қашан да жылы шырай керек. Мың дәріден бір адами көңіл қымбат. Сондықтан да шын жүректен алғыс айтамын!

Аким Искак


Хирург Ли Антон Ивановичке және бүкіл медициналық персоналға шын жүректен алғысымды білдіремін! Маған, Искендирова Улмекен Алхметқызына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының Ауруханасында жарыққа ота жасалды.

Ота сәтті өтті, өзімді тамаша сезінемін! Ли Антон Иванович – жоғары деңгейлі кәсіби маман, өте мейірімді әрі ұқыпты дәрігер. Ол маған ота алдында да, одан кейін де барлық кезеңдерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, сенімділік пен қолдау көрсетті. Оның қамқорлығы мен жылы қарым-қатынасы тезірек сауығуыма көмектесті.

Сонымен қатар, бүкіл хирургия бөлімінің медициналық қызметкерлеріне кәсібилігі, қамқорлығы және қолдауы үшін үлкен алғысымды білдіремін! Сіздердің еңбектеріңіз – баға жетпес, ал науқастарға деген ықыластарыңыз шексіз құрметке лайық.

Ли Антон Ивановичті білікті хирург ретінде баршаға ұсынамын!

Мен өзім емделген гастроэнтрология бөліміндегі гастроэнтеролог - дәрігер Аскарова Гүлім Амангелдиевнаға алғыс білдіремін! Гүлім Амангелдиевна өте мықты дәрігер, өз ісінің шебері, пациенттермен дұрыс қарым-қатынас жасай отырып, әрбір талдауға аса мән береді, өте білікті маман, еңбектері үшін бағалауға лайықты маман деп білемін.
Гүлім Амангелдиевнаға және бөлімшенің барлық медициналық қызметкерлеріне олардың кәсібилігі мен тілектестігі үшін зор алғысымды білдіремін.

09.12.-13.12.24жАтырауға Астанадан Жүсіпова Мөлдір Болатбекқызы келіп мастер класс өткізді.Көп тәжірибе пікір алмасу болды.Мөлдірдің біліміне түсіндіргеніне қатты тәнті болдым Көп нәрселер үйрендік. Мөлдір Болатбекқызына рахмет айтамынОсындай мастер кластар жиі-жиі болып тұрса жақсы болар еді Мен Атырау фтизиопульмонология орталығының эндоскопия бөлімімен медбикесі Айтжанова Алтын

09.12.мен13.12.2024ж арасында өткен Мастер класс та функцион.диагностика емшібикесі Изатова Айгерим Сержанқызы өзінің жұмыс жасау тәжірибесінде біліктілігін тартымды миға қонымды жеткізе білді жәнеде өзін білімді ой санасының жоғары екенін көрсете білді.Еңбекте озат болып біліміңізді шыңдай беріңіз. игі тілекпен фтизиопульмонология орталығы. мед.сестра узи каб.Калишанова Гульзай 24.12.24ж

Желтоқсанның 9-13 -і аралығында Интертич емханасында мастер класс өтті “Функциональды диагностика мейірбикесінің қызметі” және “Эндоскопия бөлімшесіндегі мейірбике жұмысы” тақырыбында . Мастер класс жоғары дәрежеде өтті ,рахмет осылай біздің білімімізді жетілдіруге білікті мамандар жіберіп жатқандарыңызға ! Мастер класс жүргізген Жүсіпова Мөлдір Болатбекқызы және Изатова Айгерімге мың алғыс, жас болсаңыздарда қаншама ақпаратпен бөлісіп, қызықты өткізуге тырыстыңыздар . Молодцы қыздар , жолдарын әрқашан ашық болсын ????

Сәлеметсіздерма . 9.12.2024ж күнінінен бастап оқуға Атырау қалалық 4ші емхана ға келдім , жетекшіміз Замира Муратовна УДП кардинатор м/с сабақ жүргізіп 1-ші күнініен бастап біздерге тың жаңалықтармен, жаңа шыққан мед /қ бұйрықтар мен т.б көптеген видео слайд арқылы рөлді ойындар арқылы сұрақ - жауабы ретінді өте қызықты өткізілді . Маған қатты ұнады , түсінбегендерімізді сондай ақ тақырыптардан тыс өзіміздің білгіміз келген жұмыс барысындағы сұрақтарымызға да жауап алдық. Команда жоғарғы деңгейде мейірбикелер жиналған , тәжірбие алмасу керемет болды . Алдағы уақытта да осындай оқу , білім жетілдіру , тәжірбие алмасу болып тұрса деймін.

Замира Муратовнаға көп рахмет, өте білікті маман. Бәрін жақсы түсіндірді. Өте қызықты ойындар ұйымдастырды, пайдалы кеңестер берді. Жұмысына жеміс, отбасына береке тілеймін????????.


Аурухана серіктестері