Соматикалық бөлімше
Бөлімше туралы
Соматикалық бөлімше ҚР ПІБ МОА құрылымдық бөлімшесі болып табылады және терапиялық бейіндегі науқастарға мамандандырылған көмек көрсетуге, оның ішінде терапия, кардиология бойынша жоғары технологиялық көмек көрсетуге арналған. Соматикалық бөлімше 13 төсекке есептелген. Бөлімшеде жайлылығы жоғары бір және екі орындық палаталар бар. Бөлім қызметкерлері өз жұмысында пациенттерге жеке, мұқият қарау принциптерін ұстанады. Бөлімше дәрігерлерінің жоғары біліктілігі Аурухананың кең мүмкіндіктерімен үйлесе отырып, қысқа мерзімде ішкі ағзалар ауруларының кең спектрін диагностикалаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Емдеу тиімділігі мен орындылығы дәлелденген ұлттық және халықаралық стандарттарға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.Бөлім сонымен қатар бір күннен үш күнге дейін созылатын CheckUp бағдарламалары бойынша толық кешенді тексеру жүргізуге маманданған.
- терапиялық патологияны диагностикалау және емдеу
- шығу тегі белгісіз қызбаның себебін диагностикалық іздеу
- жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға мамандандырылған, оның ішінде «кардиология» бейіні бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету
- аллергиялық аурулардың алдын алу және емдеу
- хирургиялық бейіндегі бөлімшелерде жоспарланатын операциялық емдеу алдында операция алдындағы клиникалық-зертханалық тексеру
- терпиялық патологиясы бар науқастарды емдеу, диагностика мәселелері бойынша басқа сала дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету
- Check Up бағдарламасы бойынша пациенттерді тексеру
Бөлімше дәрігерлері

Бөлімше меңгерушісі
Дәрігер-терапевт
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 11 жыл

Дәрігер-терапевт
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 42 жыл