Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90

№7 терапиялық бөлімше (қалпына келтіру кардиологиясы)

Бөлімше туралы

№7 терапиялық бөлімшесі миокард инфарктісінен кейін және жүрекке операция жасалғаннан кейін пациенттерді физикалық, психологиялық және медициналық оңалтудың толық кешенімен айналысады. Кардиологиялық оңалту көмегін көрсетудің барлық кезеңдерінде көпсалалы тәсіл және көпсалалы команда қағидаты тұжырымдалып, қолданылады. Бұл әртүрлі мамандардың – бейіндік аурулар бойынша дәрігерлердің, реабилитолог дәрігерлердің, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), функциялық диагностика, физиотерапия мамандарының, психотерапевтердің, психиатрлар және басқа да мамандардың өзара іс-қимылын көздейді. Әрине, әр патология үшін мамандар мен оңалту және қайталама профилактика әдістері арнайы таңдалады.

Бөлімше қызметтері

  • МӘМС, республикалық бюджет шеңберінде, ақылы негізде оңалтудың 2 кезеңі
  • кардиология бағдарламасы бойынша Check up қызметтер «Кеудедегі ауырсыну», «Артериялық гипертензия», «Коронарография» бағдарламалары

Бөлімше дәрігерлері

Назгүл Қосбергенқызы Кульмырзаева

Бөлімше меңгерушісі

кардиолог

бірінші санат

ғылыми дәрежесі – PhD

Жұмыс өтілі 15 жыл

Марат Барлыбайұлы Утамуратов

Кардиолог дәрігер

Жұмыс өтілі 6 жыл

Ақмарал Мағауияқызы Молдажанова

Кардиолог дәрігер

Бірінші санат

Жұмыс өтілі 13 жыл

Тоғжан Төлегенқызы Нұрпейісова

Кардиолог дәрігер

Екінші санат

Жұмыс өтілі 7 жыл

Бөлімшемен байланыс

L блогы, 7-қабат

Байланыс нөмірлері:

Бөлімше меңгерушісі: 66-10

Пост: 66-14

Ординаторлық бөлме: 66-12, 66-14


Аурухана серіктестері