логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

№ 4 терапиялық бөлімше (пульмонология)

Бөлімше туралы

Респираторлық медицина орталығының құрамындағы № 4 терапиялық бөлімшесі 2022 жылғы 1 шілдеден бастап тыныс алу ағзаларының патологиясы бар пациенттерге мамандандырылған көмек көрсетеді. Бөлімшеде 28 төсек-орын бар. Еліміздегі қазіргі заманғы диагностикалық технологиялардың толық кешені бар жалғыз мамандандырылған пульмонологиялық бөлімше:

  • Спирометриялық параметрлерді зерттеу,
  • 6 минуттық жаяу жүріспен тест өткізу,
  • Өкпенің диффузиялық қабілетін зерттеу, бодиплетизмография
  • Өкпенің эндоскопиялық УДЗ (EBUS)
  • EBUS немесе КТ бақылауындағы өкпенің, лимфа түйіндерінің трансбронхиалды биопсиясы
  • Өкпенің, плевраның бейнеторакоскопиялық биопсиясы
  • Сәулелік диагностика (жоғары ажыратымдылықтағы компьютерлік томография, өкпе тінінің денситометриясы, сцинтиграфия, МРТ-перфузия)
  • Респираторлық мониторинг, полисомнография, autoCPAP терапиясын таңдау.

Бөлімше қызметкерлері ҚР ПІБ МОА базасында қарқынды терапия бойынша біліктілікті арттыру шеңберінде өңірлерден келген мамандар үшін респираторлық патологияның өзекті мәселелері және өңірлерден келген реаниматолог дәрігерлер үшін пульмонологиядағы кезек күттірмейтін жағдайлар бойынша циклдар өткізеді.

Сонымен қатар, емдік-диагностикалық жұмыстардан басқа пульмонология саласында мамандар даярлаумен де айналысады. Бөлімше базасында Назарбаев Университетінің (НУ), Астана Медицина Университетінің (АМУ), Қарағанды Медицина Университетінің (ҚМУ) студенттері резидентурадан өтеді.

Бөлімше қызметкерлері:

  • интерстициалды аурулар жөніндегі республикалық көпсалалы комиссияда
  • ауыр бронх демікпесі бойынша республикалық көпсалалы комиссияда сарапшы қызметін атқарады

Бөлімше қызметтері:

ӨСОАжәнеБДауыр түрлері

  • спирометрия, PEF-мониторинг
  • биомаркерлерді анықтау (FeNOқоса алғанда),
  • индуцияланған қақырықты цитологиялық зерттеу
  • қақырықты, бронхтардың шайынды суын микробиологиялық және микологиялық зерттеу
  • Ауыр БД биологиялық терапиясының бағдарламасын таңдау және көрсеткіштерін анықтау
  • ӨИЕЖ режимдерін таңдау
  • буллезді эмфизема кезінде ТЖ хирургиялық түзетуге арналған көрсеткіштерді анықтау

Жіті және созылмалы тыныс жетіспеушілігі

  • Ұзақ мерзімді оттегі терапиясының (ҰОТ) режимдерін таңдау. ӨИЕЖ бағдарламасын таңдау
  • ТЖ әр түрлі этиологиясы бар пациенттерде обструктивті ұйқы апноэ синдромын (ОҰАС) диагностикалау және емдеу (ӨСОА, семіздік-гиповентиляция синдромы, кифосколиоз, нейробұлшықет аурулары және т.б.)

Өкпенің жұқпалы аурулары

  • Пневмония: ауруханадан тыс, госпиталдық, иммунитет тапшылығы жағдайында
  • Туберкулезді емес микобактериоздар
  • Бронхоэктаздар – инфекциялық өршуі бар жүре пайда болған, туа біткен (дисплазиялар)
  • Инфекциялық асқынулары бар бронхөкпе дисплазиясы
  • Плевралық пункция, плевраның видеоторакоскопиялық биопсиясы үшін көрсеткіштерді анықтаумен плевриттер
  • Өкпенің саңырауқұлақшалармен зақымдануы

Тыныс алу жеткіліксіздігі пайда болатын пневмониядан, оның ішінде пневмониямен іліктескенCOVID-19 кейін , ӨЖЖ кейін, респираторлық қолдауды (ОИЕЖ, оттегі терапиясы) қажет ететін жоғары ағынды оттегі терапиясынан кейін оңалту .

Өкпенің зақымдануының, тыныс алу жеткіліксіздігінің, басқа ағзалар мен жүйелердің зақымдануының, коагуляциялық бұзылулардың, нутритивтік және психосоматикалық статустың дәрежесін анықтау. Көрсеткіштер бойынша: жоғары ажыратымдылықтағы компьютерлік томография, спирометрия, өкпенің диффузиялық қабілетін анықтау, қабыну маркерлері, артериялық қан газдары және т. б.

Коморбидтік статусты ескере отырып, оңалту бағдарламасын таңдау.

  • физиотерапиялық процедуралар кешені, кеуде қуысының перкуссиялық массажы, емдік дене шынықтыру (реабилитологтармен бірге)
  • виброакустикалық терапия (VibroLung қолдана отырып)
  • психологиялық қолдау сеанстары
  • гипербарикалық оксигенация сеанстары
  • оттегі терапиясы, өкпені инвазивті емес желдету.

Белгілі және белгісіз этиологиясы бар өкпенің интерстициалды аурулары , соның ішінде ДТЖА, өкпенің дәрілік зақымдануы, вирустық инфекциялар нәтижесінде ӨИА:

  • диагностика: спирометрия, өкпенің диффузиялық қабілетін анықтау, бодиплетизмография, кеуде мүшелерінің жоғары ажыратымдылықтағы компьютерлік томографиясы, өкпе сцинтиграфиясы, өкпенің трансбронхиалды биопсиясы, лимфа түйіндерінің биопсиясы, эндобронхиалды УДЗ (EBUS)
  • сәулелік диагностика 640 кескінді компьютерлік томографта жүргізіледі, бұл пациентке аз сәулелік жүктемемен жоғары ажыратымдылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пациенттің бұрын жүргізілген КТ зерттеулерінің архивінің интерпретациясы жүргізіледі.
  • фибротикалық қарсы терапияға көрсеткіштерді анықтау
  • фибротикалық қарсы терапия бағдарламасын таңдау
  • терапияның тиімділігін, өкпедегі процестің динамикасын мониторингілеу

Өкпе артериялық гипертензиясы (қайталама ӨАГ-ӨСА, СТӨАГ)

Диагностика:

  • өкпенің АГКТ,
  • өкпенің МРТ-перфузиясы,

ӨАГ төмендету (ИЭН-1, простациклин, NO және т.б.) терапиясының негіздемесі

ӨАГ динамикасы мониторингі

Дәрі-дәрмек терапиясының жағымсыз құбылыстары мониторингі

Бөлімше дәрігерлері

Бакенова Роза Агубаевна.jpg
Бәкенова Роза Агубайқызы
ҚР МОА бас терапевті
Медицина ғылымдарының докторы,
пульмонолог, жоғары санатты терапевт дәрігер
Утешева Наталья Яковлевна.jpg
Утешева Наталья Яковлевна
Бөлімше меңгерушісі
Пульмонолог дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 20 жыл
Есенгельдинова Мадина Айтпековна.jpg
Есенгелдинова Мадина Айтпекқызы
Пульмонолог дәрігер
Астана қаласы ДСБ бас пульмонологы
Медицина магистрі
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 25 жыл
Бакиева Кымбат Манаткызы.jpg
Бәкиева Қымбат Манатқызы
Пульмонолог дәрігер
Жоғары санат
Медицина магистрі
Жұмыс өтілі 16 жыл
Искаков Иззат Алькенович.jpg
Ысқақов Иззат Әлкенұлы
Пульмонолог дәрігер
Бірінші санат
Жұмыс өтілі 9 жыл
Сағади Назерке Мұратқызы.jpg
Сағади Назерке Мұратқызы
Пульмонолог дәрігер

Аурухана серіктестері