Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және стратегиялық даму орталығы
Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және стратегиялық даму бөлімі «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі ретінде 2015 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді.
НЕГІЗГІ МАҚСАТ
- қауіпсіздікті және клиникалық-экономикалық тиімділікті бағалау негізінде республиканың практикалық денсаулық сақтауына жаңа әдістемелер мен технологияларды (инновацияларды) трансферттеуге және енгізуге жәрдемдесу (денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау)
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР
- заманауи медицина ғылымы мен техникасының жетістіктерін ескере отырып, Аурухана практикасына денсаулық сақтау технологияларын енгізу және трансфертті әдістемелік және әдіснамалық тұрғыдан сүйемелдеу;
- ТМККК есебінен және МӘМС жүйесінде (ММК, ЖТМҚ, медициналық қызметтер тарификаторы, бірегей технологиялар) өтелетін технологиялар тізбесіне енгізуге өтінімдерді қалыптастыру, беру үшін клиникалық тиімділікті, қауіпсіздікті және экономикалық орындылықты ескере отырып, дәлелді медицина қағидаттары негізінде денсаулық сақтау технологияларын бағалау мен іріктеу жүргізу;
- жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды енгізуге, сондай-ақ Аурухана практикасында қолданылатын технологияларды жете жарақтандыру мен жаңғыртуға инвестициялаудың орындылығын бағалауды жүргізу (денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау);
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және денсаулық сақтау ұйымдарымен инновациялық қызметті жетілдіру және республиканың практикалық денсаулық сақтауына Ауруханада енгізілген жаңа технологиялар трансферті саласында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- шетелдік және республикалық кәсіптік қауымдастықтармен және ұйымдармен денсаулық сақтау технологияларын бағалау және инновациялық қызмет саласындағы серіктестікті дамыту;
- мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көмекті (ЖТМК) жүргізуге рұқсат алуға өтінімдерді қалыптастыру және беру;
- Аурухананың даму стратегиясын әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, Стратегияны іске асыру жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН БАҒАЛАУ (ДСТБ)
Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және стратегиялық даму бөлімі Қазақстанда медициналық технологияларды (денсаулық сақтау технологияларын) бағалау жүйесін жеке денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде (госпитальдық ДСТБ) енгізу мен пайдаланудың алғашқы үлгісі болып табылады.
Бөлім қызметкерлері ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін госпитальдық ДСТБ жүйесін енгізу мен пайдаланудың өзіндік тәжірибесінің нәтижелерін тұрақты негізде жариялайды.
- Денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау бойынша есептер базасы
- Орталықтың денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау саласындағы ғылыми және әдістемелік қызметінің негізгі нәтижелері
БӨЛІМ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН БАҒАЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ
- Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі халықаралық қоғам (Health Technology Assessment international, HTAi, https://htai.org/), мұнда ҚР ПІБ МО ауруханасы госпитальдық ДСТБ бойынша жұмыс тобының мүшесі болып табылады;
- Денсаулық сақтау саласындағы технологияларды бағалау жөніндегі мамандар қауымдастығы (Ресей Федерациясы), http://htaa.ru/
БӨЛІМ ӨЗ ҚЫЗМЕТІ ШЕҢБЕРІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫМЕН, КӘСІБИ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРМЕН, ӨНДІРУШІ КОМПАНИЯЛАРМЕН ЖӘНЕ ДИСТРИБЬЮТОРЛАРМЕН КЕЛЕСІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ҚУАНЫШТЫ:
- Республиканың практикалық денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу және трансферт;
- ҚР ПІБ МО ауруханасы базасында жаңа технологияларды сынақтан өткізу;
- Клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
- Практикаға әртүрлі медициналық технологияларды (медициналық жабдық, медициналық мақсаттағы аспаптар мен бұйымдар, дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қосылыстар, клиникалық және диагностикалық емшаралар, IT технологиялар) енгізудің орындылығына клиникалық-экономикалық (оның ішінде фармакоэкономикалық) талдау жүргізу;
- Медициналық технологияларға госпитальдық бағалау жүргізу.
КАДРЛЫҚ ҚҰРАМ:
1. Тұрар Олжас Асқарұлы – Бөлім басшысының міндетін атқарушы, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, денсаулық сақтау ұйымдарында 5 жыл кәсіби қызмет өтілі бар. 10-нан астам ғылыми жарияланымның авторы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне медициналық технологияларды енгізудің орындылығына клиникалық-экономикалық талдау жүргізу тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық кадрлар альянсының мүшесі.
2. Айманова Таңшолпан Бауыржанқызы - Бөлімнің бас маманы, қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры, биотехнология магистрі. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен басқаруда, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын мониторингтеуде және медициналық технологияларды бағалау және медициналық қызметтердің тарифін қалыптастыруды жетілдіру саласында 5 жылдан астам тәжірибесі бар. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көмекті (ЖТМК) жүргізуге рұқсат алуға өтінімдерді қалыптастыру мен беруде, Аурухананың даму стратегиясын әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру мен қамтамасыз етуде, стратегияны іске асыру жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуде. 5-тен астам ғылыми жарияланымның авторы, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі жыл сайынғы «11th Htasialink Conference» халықаралық конференциясында постерлік баяндамамен қатысу тәжірибесі бар. ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасында клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа тәсілдерін әзірлеу жөніндегі жобаға қатысты.
4. Бариева Гүлзада Жұмабайқызы – Бөлімнің жетекші маманы, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH). Денсаулық сақтау ұйымдарында денсаулық сақтау технологияларын бағалау, денсаулық сақтау менеджменті, медициналық білім және ғылым саласында 5 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. 10-нан астам ғылыми, оның ішінде халықаралық рецензияланатын журналдардағы жарияланымдардың авторы. ҚР Парламенті Сенаты жанындағы талдаушылар мектебінің түлегі.
5. Алчимбаева Мақпал Асқарқызы - Бөлімнің жетекші маманы, заң ғылымдарының магистрі, «Астана медицина университеті» КЕАҚ PhD докторанты. 20-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде «Медициналық құқық» пәні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағы оқу-әдістемелік құралдың авторы (теңавторлықта). Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға белсенді қатысады. Ғылыми қызығушылықтары - ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі мәселелері.
Байланыс деректері:
Мекенжайы: Астана қ., Е-495 көшесі, 2-ғимарат, F блогы, 3-қабат, 42-кабинет
Телефон: +7-7172-70-79-58
E-mail: hbhtakz@gmail.com