логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Трансфузиология кабинеті бар операциялық блок

Бөлімше туралы

Операциялық блокты Аурухананың хирургиялық қызметінің «жүрегі» деуге болады. Блок ең заманауи санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетін 11 операциялық залдан тұрады. Операциялық бөлмелерге ауа шаңнан және аэрозоль бөлшектерінен тазартылған түрде беріледі, бұл ретте пайда болатын артық қысым көрші орынжайлардан ауа ағындарының кіруіне кедергі жасайды. Пайдаланылған құралдар арнайы шлюздер арқылы стерильдеу алдындағы өңдеу үшін операциялық залдан «лас» аймаққа беріледі. Операциялық және операцияға дейінгі бөлмелер автоматты түрде ашылатын есіктермен жабдықталған, қабырғалар жасанды тастармен әрлендірілген панельдерден жасалған. Әр операциялық залда орталықтандырылған газ қоспаларын беру және эндоскопиялық жабдықты орналастыруға арналған төбелік консольдер орнатылған, бұл пайдалы алаңды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Барлық операциялық бөлмелер жетекші шетелдік компаниялардың заманауи жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықталған.

OR1 NEO («Karl Storz», Германия) интеграцияланған операциялық кешендері жұмыс орнын оңтайландыруға және жұмыс үрдісін жеңілдетуге, операциялық және одан тыс ішінде бейне және басқа да көздерден ақпаратты көрсетуге және құжаттауға мүмкіндік береді; телеконференциялар, телехирургиялар немесе телесеминарлар үшін шексіз мүмкіндіктер береді. Аурухананың мақтанышы – Siemens «Artis Zeego» және Canon (Жапония) ангиографиялық аппаратымен жабдықталған бипландық және гибридті операциялық бөлме. Бипландық операция бөлмесі жүрек-қантамырлары жүйесінің ең күрделі аурулары мен нейрохирургиялық патологиядан зардап шегетін пациенттерді емдеуде жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Бөлімше қызметтері

Трансфузиология кабинеті

Трансфузиология кабинеті қан компоненттерімен тиімді және қауіпсіз емдеуді қамтамасыз ету, қан тобын және резусын анықтау үшін қан компоненттерін және оның препараттарын уақтылы жеткізуді, сақтауды және беруді жүзеге асырады.

Кумбстың тікелей сынағында эритроциттерге қарсы антиденелердің скринингі АВО және резус факторы жүйесі бойынша үйлесімділікке сынама жүргізу Кумбстың жанама сынағында эритрацитке қарсы антиденелердің титрін анықтау эритроциттерге қарсы антиденелердің скринингі қан компоненттерінің және оның препараттарының гемотрансфузиясы Fresenius C.A.T.S аппаратында қанның аппараттық реинфузиясы.

Қанның топтық және резус тиістілігін анықтау, антиэритроциттік антиденелер скринингі және қан құю алдында үйлесімділікке сынама жүргізу үшін гельді серология - заманауи әдістеме қолданылады. Барлық тестілер гельмен толтырылған микробиркалары бар пластикалық диагностикалық карточкаларда жүргізіледі. Гель бөлшектерінің мөлшері, моноклоналды немесе поликлоналды антиденелерді арнайы таңдау әдісінің жоғары сезімталдығы мен ерекшелігін қамтамасыз етеді, бұл қан компоненттері мен препараттарын құю кезінде асқынуларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Күрделі хирургиялық операцияларды жасау үшін эритроциттердің интраоперациялық аппаратты реинфузиясын - қан жоғалту кезінде пациенттің жоғалған өз эритроциттерін қайтарудың заманауи, тиімділігі жоғары және қауіпсіз әдісін пайдаланумен қамтамасыз етіледі.

Трансфузиология кабинеті заманауи жабдықтармен жабдықталған:

  • «Biorad» микротиптеуші гельді серология жүйесі
  • «DiaMed ID» иммуногематологиялық зерттеулерге арналған аппарат
  • Қан мен оның препараттарын сақтауға арналған «Angelantoni» мұздатқыш камералары
  • «Angelantoni» арнайы мұздатқыш камералар
  • «Helmer» плазма еріткіштері
  • «Barkey plasmaTherm» қан қыздыруға арналған аппарат
  • Реинфузияға арналған C.A.T.S аппараты

Бөлімше дәрігерлері

Ачилов на сайт.jpgАчилов Тимур Таирович               
Бөлімше меңгерушісі               
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 15 жыл














силуэт женский 02.jpgМендибаева Дана Бауыржановна             
Дәрігер-перфузиолог            
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 9 жыл   














силуэт женский 02.jpgКузыбаева Закира Сеитдоматовна            
Аға дәрігер    
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 12 жыл














силуэт мужской 02.jpgАйтымов Серик Даулетович         
Дәрігер-трансфузиолог       
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 9 жыл       














силуэт мужской 02.jpgУтюбаев Арман Шелекбаевич     
Дәрігер-трансфузиолог       
Еңбек өтілі 27 жыл


Аурухана серіктестері