Башарова Гүлбарам Есенбекқызы
Акушерлік және гинекология мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер. Дәрігер акушер-гинеколог мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі 25 жыл. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Әдістемелерді меңгеруі:
- гинекологиядағы шұғыл патология кезіндегі лапаротомдық және лапороскопиялық операциялар (киста, кистома, жатырдан тыс жүктілік, кіші жамбастың қабыну аурулары);
- офистік гистероскопия, операциялық гистерорезектоскопия;
- құбыр-перитонеалдық бедеулікте лапароскопиялық реконструктивті-пластикалық операциялар;
- субтотальды гистерэктомия (лапаротомдық және лапароскопиялық қол жеткізумен);
- тотальды гистерэктомия (лапаротомды және лапароскопиялық, қынаптық қол жеткізу);
- консервативті миомэктомия (лапаротомды және лапароскопиялық қол жеткізу);
- торлы эндопротездерді қолдану арқылы қынаптық операциялар;
- несептің стресстік ұстамауы кезіндегі слинг операциялары;
- стресстік несепті ұстамауды лапароскопиялық түзету (Берч операциясы);
- қынаптың және уроқынаптық/ректоқынаптық жыланкөздердің ескірген жарылуы кезіндегі пластикалық операциялар;
- торлы эндопротездерді қолданумен лапароскопиялық операциялар (промонтофиксация);
- цистоскопия;
- кіші жамбас, несеп-жыныс жүйесі, бүйрек, қалқанша, сүт бездерінің эхографиясы
Білімі:
- 1994 ж. - "Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы", интернатура;
- 1988-1994жж. - "Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты", мамандығы: емдеу ісі.
Қайта даярлау:
- 2018 ж. – TransEnterix роботталған хирургия орталығында оқыту және сертификаттау, Милан қ. ;
- 2013 ж. – Тель-Авив қ., Шиба клиникасы, онкогинекология бойынша оқыту және сертификаттау.
Жұмыс тәжірибесі:
- Наурыз, 2015 ж. – қазіргі уақытқа дейін. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы, дәрігер-гинеколог, 2-ші хирургиялық бөлімшенің аға ординаторы;
- 2002-2015 жж. - "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ, гинекологиялық бөлімшенің акушер-гинеколог дәрігері;
- 2001 ж. - Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы филиалының ғылыми қызметкері;
- 1999-2000 жж. - акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті;
- 1995-1999 жж. - №1 Ақтөбе клиникалық перзентханасы, жедел қызметтің акушер-гинекологы.