логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

№1 хирургиялық бөлімше (оториноларингология, көз микрохирургиясы)

Бөлімше туралы

№1 хирургиялық бөлімше (оториноларингология және көз микрохирургиясы) ҚР ПІБ МОА хирургиялық қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі және екі қызметті қамтиды: оториноларингология және көз микрохирургиясы. Бөлімше МОА жаңа ғимаратындағы А1 блогының алтыншы қабатында орналасқан. 25 төсек-орны бар, оның 16-сы ЛОР, 9-ы көз микрохирургиясына арналған. Бөлімше жаңа жабдықтармен, заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер тобы оториноларингологтардан, офтальмологтардан құралған. Көрсетілетін қызметтер тізбесі барлық дерлік оториноларингологиялық және офтальмологиялық бағыттарды қамтиды. Операциялар республикалық квота есебінен және ақылы негізде жасалады.

Бөлімше қызметтері

Біздің бөлімшенің ЛОР мамандары республика халқы үшін өзекті ЛОР проблемаларын диагностикалаумен, операциялық және консервативті емдеумен айналысады. Операциялық зал медициналық техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталған, олардың құрамында «Carl Zeiss» фирмасының операциялық микроскопы, «Carl Storz» фирмасының эндоскопиялық видеожүйесі мен навигациялық жүйесі, «Deca» фирмасының операциялық лазері бар. Мұның бәрі ЛОР ағзаларына аз инвазивті, жоғары тиімді және ең бастысы пациенттер үшін қауіпсіз бірегей операциялар жасауға мүмкіндік береді.

Біздің бөлімше мынадай негізгі клиникалық бағыттарды қамтиды:

Ринохирургия

  • FESS – мұрынның қосалқы қуыстарының (гаймор, маңдай, торлы және негізгі қуыстар) функциялық эндоскопиялық хирургиясы. Операция үрдісін экранда үнемі бақылауға мүмкіндік беретін әр түрлі 00, 300, 450, 900, 1200 шолу бұрыштары бар қатты эндоскоптарды және HD мониторы бар бейнетағандарды, сондай-ақ микродибридерді (шейвер) қолдану арқылы жүргізіледі. Операцияның артықшылығы – аз инвазивтілік, жоғары тиімділік болып табылады, бұл пациенттердің тез қалпына келулеріне көмектеседі. Жіті және созылмалы қабыну, бөгде денелер, киста және мұрынның қосалқы қуыстарының мукоцелесі, полипозды синуситтер, мұрыннан қан кетуінің қайталануы мұндай операцияларға көрсетілімдер болып табылады.
  • Септопластика – клиникалық түрде тыныс алудың бұзылуымен сипатталатын мұрын далдасының деформациясын түзетуге бағытталған операция. Біздің бөлімшеде септопластиканы орындау кезінде эндоскопиялық бақылау қолданылады, бұл мұрын далдасының деформацияға қатысы жоқ бөліктерін барынша сақтай отырып, септопластиканың перфорация сияқты салдарларын азайтады.
  • Турбинопластика – мұрынның көлемі ұлғайған немесе полипозды өзгерген төменгі қалқандарының пішінін түзету мақсатындағы операция. Ол радиожиілікті пышақпен жасалды, мұрын қуысының сілемейлі қабығына әсер етпейді.

Отохирургия

  • Ортаңғы құлақ қуыстарына есту қабілетін жақсартату және есту қабілетін сақтау мақсатында жасалатын операциялар (I, II, III, IV және V типті тимпанопластика, стапедопластика, оссикулопластика, антромастоидэктомия). «Carl Zeiss» компаниясының заманауи операциялық микроскопын пайдалану құлақ пердесінің өте жіңішке құрылымдарында дәл манипуляция жасауға мүмкіндік береді
  • Жұтқыншақ және көмей хирургиясы
  • Кеңірдектің қатерсіз өспелері кезінде операциялық ларингоскоптарды, микроскоптарды және микроқұралдарды қолдана отырып жасалатын көмей микрохирургиясы
  • Дауыс желбезектерінің екі жақты парездері, көмейдің қатерсіз ісіктері үшін операциялық лазер қолданылатын көмей микрохирургиясы
  • Апноэ және қорыл кезінде жұтқыншақ пен көмейді қалпына келтіру
  • «Суық» құралдардың, коблатордың («суық плазма») көмегімен классикалық тонзиллоэктомия. Коблаторды, «суық кесу» әсері бар құралды пайдалану қан кетуді азайтуға мүмкіндік береді және операциядан кейінгі қалпына келу кезеңін қысқартады
  • Шейвердің көмегімен аденотомия. 


Бөлімше дәрігерлері

Талапбек Мұратұлы Әженов
Бас оториноларинголог
Медицина ғылымдарының докторы
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 25 жыл









Нагуманов Арман Какимжанович.JPGАрман Кәкімжанұлы Нагуманов
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 20 жыл










Когай Дмитрий Вилориевич.jpgДмитрий Вилориевич Когай
Оториноларинголог дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 15 жыл 










Әлия Мұхамеджанқызы Дарбекова
Оториноларинголог дәрігер
Бірінші санат
Жұмыс өтілі 15 жыл














Изображение WhatsApp 2023-06-15 в 16.41.21.jpg

Маханбет Медет Елтайұлы
Оториноларинголог дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 13 жыл











Аурухананың офтальмологиялық қызметінде бірінші және жоғары санатты 14 дәрігер жұмыс істейді, қызметті медицина ғылымдарының докторы Құрманғалиева Мадина Маратқызы басқарады. Қызмет құрамына хирургиялық бөлімшенің тәуліктік стационарының 5 төсегі, күндізгі стационардың 5 төсегі және емханалық буынның 3 блогындағы (профилактикалық, консультациялық-диагностикалық және ақылы қызмет бөлімшелері) офтальмолог кабинеттері, оның ішінде лазерлік кабинет кіреді.

Диагностиканың жоғары деңгейі заманауи тонометр, компьютерлік периметр, рефрактометрлерден бастап оптикалық когерентті томограф, ультрадыбыстық және лазерлік биометрлерге дейінгі соңғы жабдықтардағы офтальмологтардың кәсіби жұмысымен қамтамасыз етіледі.

Офтальмологиялық операцияларға негізінен катаракта және глаукома хирургиясы кіреді. Катаракта хирургиясы қазіргі офтальмологиядағы «алтын стандарт» болып табылатын факоэмульсификация әдісімен жасалады, еліміздің және шетелдің жетекші клиникаларында оқудан өткен №1 хирургиялық бөлімшенің дәрігерлері Құрманғалиева Мадина Маратқызы, Жалмағамбетова Әлия Тілеуліқызы, Молдашева Гүлфайруз Жанахметқызы бұл операцияны сәтті жасайды.  Операциялар ең заманауи жабдықта – Инфинити микрохирургиялық жүйесінде, Lumera микроскопында жетекші әлемдік өндірушілердің «жұмсақ» көзішілік линзаларының, соның ішінде премиум класты линзаларынфң көмегімен орындалады. Офтальмологиялық операция бөлмесі операциялардың эпидемиологиялық қауіпсіздігіне кепілдік беретін ламинарлы желдету ағындарымен қамтамасыз етілгенін ерекше атап өткен жөн.

Офтальмохирургияның көпбейінді клиникада орналасуы ілеспе жалпы аурулар болған жағдайда пациенттерге қосымша тексерулер мен консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта катаракта емі біздің Аурухананың базасында тек стационар жағдайында ғана емес, сонымен қатар қалалық емханалар дәрігерлерінің жолдамасы бойынша амбулаториялық негізде де қолжетімді.

Клиникада глаукоманы диагностикалау мен емдеуге ерекше мән беріледі. Бұл үшін біздің мүмкіндігіміз мол. Пахиметрияны, Паскаль тонометриясын, компьютерлік тонометрияны және т.б. қолдана отырып, пациентті қазіргі деңгейде глаукомаға тексеру экономикалық дамыған елдердегі қайтымсыз соқырлық пен нашар көрудің негізгі себептерінің бірі болып табылатын осы жасырын аурудың ерте диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Глаукома анықталған кезде офтальмолог көзішілік қысымның тиісті деңгейіне жету үшін гипотензиялық тамшылар тағайындайды.Тамшылар тиімсіз болған жағдайда лазерлік және микрохирургиялық гипотензиялық операциялар жасалады. Клиникада қайталанатын операциялар кезінде қажет болатын глаукомалық дренаждарды қолдану арқылы операциялар сәтті енгізілді.

Көздің қантамырлық патологиясы бар науқастарды емдеудің жаңа бағыты – орталық көру үшін жауап беретін торлы қабықтың макулярлық аймағының ісінуімен сәтті күресуге мүмкіндік беретін ангиогенез ингибиторларын қолдану. Бұл ем жасқа байланысты макулодистрофия, диабеттік ретинопатия және т. б. бар науқастар үшін тиімді болуы мүмкін.

Циклоскопия – көз түбінің перифериясын тексеру, сондай-ақ лазерлік операциялар – торлы қабықтың коагуляциясы, иридотомия, қайталама катаракта дисцизиясы жүргізіледі.

Бөлімшені көпбейінді клиникада орналасуы ілеспе жалпы аурулар болған жағдайда пациенттерге қосымша тексерулер мен консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.


Бөлімше дәрігерлері

Курмангалиева Мадина Маратовна.jpgМадина Маратқызы Құрманғалиева
Бас офтальмолог
Медицина ғылымдарының докторы
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 30 жыл









Молдашева Гульфайрус Жанахметовна.JPGГульфайруз Жанахметқызы Молдашева
Офтальмолог дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 32 жыл










Джалмагамбетова Алия Тлеулиевна.jpgӘлия Тілеуліқызы Жалмағамбетова
Офтальмолог дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 25 жыл











Аурухана серіктестері