логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

№ 9 хирургиялық бөлімше (Аритмология)

Бөлімше туралы

Бөлімше аритмология бейіні бойынша мамандандырылған көмек пен жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге бағытталған.

Бөлімше ең заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және халықаралық стандарттарға сәйкес ең жаңа медициналық технологияларды қолданады. Бөлімше персоналы әлемнің үздік клиникаларында тағылымдамадан өткен еліміздің жоғары білікті мамандарынан құралған.

Аритмология бөлімшесі, яғни №9 хирургиялық бөлімшеде жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек аритмиясына байланысты синкопальды жағдайлар, сондай-ақ осы аурулардың комбинациясы бар науқастарға диагностика, интервенциялық және хирургиялық емдеу жүргізіледі.

Кардиохирургтармен бірге ескі, сынған және іріңді электродтарды экстракциялау сияқты күрделі операциялар жасалады.

Әлемдегі ең кішкентай электродсыз жүрек кардиостимуляторларын имплантациялау, Гис шоғырының сол жақ аяқшасы аймағын физиологиялық стимуляциялау, жүрек аритмиясының әртүрлі түрлерін криоабляциялау, пациенттерді қашықтан бақылау, аритмияның күрделі түрлерін навигациялық картаға түсіру – инновациялық бағыттарды құрайды.

Практикада қолданылатын барлық емдеу әдістері әлемдік медицинаның ең озық тенденцияларына сәйкес келеді.

Операциялар интраоперациялық компьютерлік томография жасау мүмкіндігі бар «Arti-Zeego» роботталған С-доғалы ангиографпен және «Carto 3» навигациялық жүйесімен жабдықталған Қазақстандағы жалғыз гибридті операциялық бөлмеде жасалады.

Операциядан кейінгі кезеңде пациенттің қалпына келуін жеделдету процесінде маңызды факторлардың бірі – бөлімше қамтамасыз ететін жағдайлар болып табылады. Бөлімшенің жайлы палаталары (1 және 2 орындық) электрмен жұмыс істейтін функционалды төсектермен, теледидармен, душ кабинасы, санитариялық торап, кондиционермен жабдықталған.

Жоғары сервис пен жайлылық, медициналық қызметтердің сенімді қауіпсіздігі мен сапасы жағдайында пациенттер медицина ғылымы мен техникасының ең заманауи жетістіктерінің нәтижелеріне сенім арта алады.

Бөлімше қызметтері

Аритмологиялық операциялар

  • МРТ-мен үйлесімді кардиостимуляторды имплантациялау, соның ішінде Гис шоғырының сол жақ аяқшасы аймағын физиологиялық стимуляциялау
  • Micro VR және Micra AV электродсыз кардиостимуляторын имплантациялау
  • кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы (КДИ), МРТ-мен үйлесімді
  • кардио-ресинхрондау құрылғыларын имплантациялау, CRT-D, МРТ-мен үйлесімді
  • жүрекшелер фибрилляциясы кезінде өкпе веналарынң криоабляциясын жүргіз
  • қосымша жолдарды парагисиальды оқшаулау кезінде фокальды криоаблация жүргізу
  • жүрек ырғағының бұзылуының әртүрлі түрлерінде навигациямен радиожиілікті абляция жүргізу (жүрекше фибрилляциясы және дірілдеуі, жүрекше және қарыншалық тахиаритмия, жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолалар)
  • электродтарды экстракциялау
  • жүректі электрофизиологиялық зерттеу
  • тері асты мониторларын имплантациялау
  • пациенттерді қашықтан бақылау
  • сол жақ жүрекшеге окклюдерлерді имплантациялау

Бөлімше дәрігерлері


Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов
Бөлімше меңгерушісі, бас аритмолог
медицина ғылымдарының докторы, профессор
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 26 жыл
Ринат Тоқтажанұлы Қамиев
Аритмолог
Бірінші санат
Жұмыс өтілі 13 жыл
Шалқар Жұмағазыұлы Смағұлов
Аритмолог
Бірінші санат
Жұмыс өтілі 13 жыл

Бимагамбетова Зейнеп Тұрлыбайқызы
Кардиолог
Екінші санат
Жұмыс өтілі 5 жыл

Аурухана серіктестері