Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Патологоанатомиялық бөлімше

Бөлімше туралы
Патологоанатомиялық бөлімше Аурухананың құрылымдық-функциялық бөлімшесі болып табылады, негізгі қызметі ауру түрлерін диагностикалауды жақсарту, емдеу-профилактикалық көмекті одан әрі жетілдіру, өлім себептерін нақтылауға бағытталған. Гистологиялық, цитологиялық және аутопсиялық диагностика жүргізеді.

Бөлімше міндеттері
  • Диагноз қою және нақтылау мақсатында диагностикалық биопсияларды (эндоскопиялық биопсия, трепан-биопсия, жатыр қуысынан алынған қырынды, паренхиматозды ағзалардың жұқа инелі биопсиялары) жүргізу кезінде алынған биопсиялық материалды зерттеу
  • Диагнозды, ауру сатысын нақтылау, жүргізілген химиотерапиялық емдеудің тиімділігін бағалау мақсатында операциялық материалды (резекцияланған және ампутацияланған мүшелер, тіндер) зерттеу; жүргізілген операцияның радикалдығын бағалау
  • Аутопсиялық зерттеу жүргізу, оған қайтыс болған науқастың ауру тарихын талдау, мәйітті сою және жүргізілген емдеудің дұрыстығын бағалау үшін алынған нәтижелерді салыстыру, емдеудің сол немесе басқа кезеңінде жіберілген қателерді анықтау, өлім себептерін анықтау кіреді
Бөлімше қызметтері
  • Қосымша гистохимиялық бояуларды пайдалана отырып, күрделіліктің барлық санаттарын кез келген жерде орналасқан биопсиялық және операциялық материалды патогистологиялық зерттеу
  • Биопсиялық және операциялық материалдан басқа медициналық ұйымдарда жасалған дайын гистологиялық препараттарды консультациялық қайта қарау
Патологоанатомиялық бөлімше заманауи жабдықтармен жабдықталған
  • Жабық түрдегі тіндерді гистологиялық өңдеуге арналған тіндік процессоры
  • Парафинді диспенсері бар тіндерді құюға арналған құрамдастырылған аппарат
  • Тіліктерді тасымалдау жүйесі бар ротациялық микротомалар
  • Гистологиялық тілімдерді бояуға арналған автоматтар
  • Гистологиялық препараттардың фотосуреттерін алу мүмкіндігі бар заманауи жарық микроскоптары
  • Мұрағатта сканерленген суреттерді сақтау және интернет арқылы қашықтан көру режимінде кеңес беру үшін пайдалану мүмкіндігі бар гистологиялық препараттардың цифрлік сканері
  • Препараттарды иммуногистохимиялық бояуға арналған жабдық
  • Секциялық залға арналған жабдық, көтергіш арбасы бар 2 орынға денені сақтауға арналған тоңазытқыш камера

Бөлімше дәрігерлері

Исаханова БА_1300.jpgИсаханова Бакытжан Амангельдиновна 
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 33 жыл













Абдулгужина РМ.jpgАбдулгужина Райхан Максутовна
Дәрігер-цитолог
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 34 жыл













Тажибаева ГА.jpgТажибаева Гайни Абдикадировна
Дәрігер-цитолог
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 29 жыл


Аурухана серіктестері