Аутоиммундық аурулар орталығы
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК №5 терапиялық бөлімшесінің базасында Аутоиммундық аурулар орталығы ұйымдастырылды. Мұнда аутоиммундық ревматологиялық және нефрологиялық ауруларға шалдыққан пациенттерге мамандандырылған көмек көрсетіледі. Ол үшін 14 ревматологиялық және 6 нефрологиялық бейіндегі, сондай-ақ 10 терапиялық бейіндегі төсек жұмыс істейді.
Аутоиммундық аурулар орталығының негізгі міндеттері:
- Аутоиммундық аурулардың, бүйрек патологиясының, басқа да емдік патологиялардың диагностикасы және дифференциалды диагностикасы;
- Патогенетикалық терапияны тағайындау, оның мониторингі және оның тиімділігі мен төзімділігін бағалау туралы мәселелерді шешу;
- Тәуліктік стационар жағдайында көрсеткіштер бойынша тексеру және емдеу;
- Аутоиммундық аурулардың асқынуларының алдын алу;
- Клиника дәрігерлері мен пациенттерге оқыту семинарларын, конференцияларын өткізу, дәрістер оқу.
Сонымен қатар, Орталық басқа ревматологиялық диагностиканың заманауи зертханалық және аспаптық әдістерінің көмегімен аурулар, бүйрек патологиясы бойынша пациенттерге диагностикалық, емдік көмек көрсетеді, бүйрек функциясы нашарлаған пациенттерге индукцияланған нефропатия өршуінің алдын алу әдістерін қолдана отырып, терапиялық бейіндегі пациенттерге, оның ішінде коморбидті жағдайларда көмек көрсетеді.
Орталық дәрігерлері диагностика кезінде аспаптық зерттеулерден басқа, бүйрек, тері астындағы май, тері, тоқ ішек сілемейлі қабатының биопсиясы сияқты зерттеу түрлерін қолданады.
Біздің команда жұмысының басты ерекшелігі – әр пациентті диагностикалау мен емдеу кезінде көпсалалы жеке көзқарас таныту.
Көпсалалы командаға мынадай бейіндегі дәрігерлер кіреді: ревматолог, нефролог, терапевт. Емделген пациенттер болашақта емдеуші дәрігерлердің қабылдауына келіп, амбулаториялық кезеңде тексеріле алады. Басқа өңірлерден келген пациенттердің онлайн-консультациялар арқылы қашықтан бақылану мүмкіндігі бар.
Бөлімшеде шетелдік Ресей, Израиль, Түркия клиникаларында білім алған дәрігерлер жұмыс істейді.
Орталық басшысы – жоғары санатты терапевт дәрігер, нефролог, EMBA магистрі Айжан Жақсылыққызы Сәрсембаева;
Ревматолог дәрігер Эльмира Өмірбекқызы Тұрдышева;
Ревматолог дәрігер Нұрлыгүл Амантайқызы Садырбаева;
Ревматолог-терапевт дәрігер Эльмира Барлыбайқызы Қалмағанбетова;
Ревматолог-терапевт дәрігер Гүлдана Жанболатқызы Мейрамова;
Нефролог дәрігер Зухра Жұмабекқызы Шерботаева