Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90

Аурулар және оларды емдеу

Мидағы ісіктер

Ісіктің орналасуына, құрылымына және дәрежесіне байланысты ми ісіктерінің хирургиясы көбінесе әртүрлі тактикалар, жабдықтар мен құралдарды қолдана отырып, көп модальды тәсілді қажет етеді.

Мидағы және бас сүйек негізіндегі ісіктерді микрохирургиялық жолмен алып тастауды біз:

Жаңа буын микроскопын;

Ісік айналасындағы функционалды маңызды жолдар мен қабыршаққа қол жеткізуді және көзбен шолып бақылауды жоспарлауға арналған нейронавигация жүйелерін;

Ісік айналасындағы функционалды маңызды жолдар мен орталықтарды интраоперациялық электропульсті анықтауға арналған нейромониторингті;

Операция кезінде қан жоғалту қаупін азайту үшін ісік тамырларының алдын-ала эндоваскулярлық эмболизациясын;

Бақылау және ассистенцияға арналған эндоскопиялық техниканы;

Дәл және қауіпсіз диагностикалау үшін стереотаксикалық биопсияны;

Әр түрлі хирургиялық әдістерді біріктіруге арналған гибридті операция бөлмесін пайдалана отырып жасаймыз.

Алынған ісікке патоморфологиялық зерттеу және молекулалық-генетикалық талдау жасалады, одан әрі емдеу, қалпына келтіру және бақылау жоспары талқыланады және жасалады.


Ми тамырларының аурулары

Аневризмаларды, күретамыр-көктамырлық мальформацияларды және бас миының фистулаларын ажырату үшін эндоваскулярлық операциялар да, микрохирургиялық араласулар да, қажет болған жағдайда гибридті ангиографиялық операция жасау жағдайында екі техниканы біріктіріп жүзеге асырылады.

Ішкі ұйқы және омыртқа артерияларының гемодинамикалық маңызды стеноздарын түзету тамырішілік стенттеу арқылы жүзеге асырылады.

Ішкі ұйқы, ортаңғы ми артериясы оклюзиясы, Мойя-мойя ауруы кезінде экстраинтракраниалды байпас орындалады.

Белгілі бір уақыттан кейін барлық операция жасатқандар қорытынды бақылау эндоваскулярлық және МРТ зерттеулерінен өтеді.


Паркинсон ауруы, тремор және дистония

Дәрігерлер командасы миды терең ынталандыру үшін стереотаксикалық жүйені қолдана отырып, қозғалыс бұзылыстарын хирургиялық емдеу тәжірибесін үздіксіз арттырады.

Мидың белгілі бір аймақтарына (ядроларына) тұрақты тері астындағы стимулятормен байланысқан электродтар енгізіледі.

Операциядан кейін ынталандыру параметрлерін таңдау үшін жүйені арнайы бағдарламалау жүзеге асырылады.


Эпилепсия

Аурухана базасында ашылған «Эпилепсия орталығы» үміткерлерді тиімді хирургиялық алдын-ала таңдау және хирургия үшін әртүрлі бейіндегі мамандарды біріктіреді.

Хирургиялық емдеу эпилепсияға қарсы препараттарға төзімді, фармакорезистентті эпилепсия кезінде көрсетіледі.

Операцияның түрі эпилептогендік ошақтың орналасуына және эпилепсияның түріне байланысты.

Көбінесе эпилептогендік ошақ самай бөлігінде орналасады, сондықтанда  самай лобэктомиясы сияқты операция жиі орындалады.

Егер Сіздің жағдайыңызда эпилепсияның көп ошақты немесе басқа операция жасауға болмайтын түрі болса, Сізге вагусты ынталандыру ұсынылуы мүмкін.

Кейде көрінбейтін эпилептогендік ошақтың локализациясын анықтау үшін инвазиялық электроэнцефалография қолданылады.

Басқа себептерге байланысты туындаған эпилепсия (қабыршықты дисплазия, қуысты мальформация, ДНЭТ, ганглиоглиома, жарақаттан кейінгі және т.б.) нақты кейске байланысты қарастырылады.


Үшкіл жүйке невралгиясы

Команда түрлі жағдайда жеке оңтайлы хирургияны таңдау алгоритмін басшылыққа алады.

Науқас сауалнамадан өтеді, нейроваскулярлық қақтығыстың болуы МРТ арқылы анықталады, емдеу әдістері талқыланады және олардың біреуі анықталады - тефлонмен микроваскулярлық декомпрессия, тері арқылы радиожиілікті термокоагуляция, үшкіл жүйкенің блокадасы, препараттың түрі мен дозасын таңдалады.


Гемифациальді түйілу

Беттің бір жартысындағы бұлшықеттің жиырылуын жою үшін біз жоғары тиімді стандартты тефлонмен микроваскулярлық бет нервінің декомпрессиясын хирургиялық және операциядан кейінгі спазм дәрежесін бағалай отырып, ретросигмоидты қол жетімділікпен жүргіземіз.


Гидроцефалия

Гидроцефалияның дамуы әртүрлі себептерге және механизмдерге (қан кету, ми жарақаты, менингит, ликвор жолдарының окклюзиясы, ісік, кенеттен туындаған идиопатиялық нормотензивті) негізделген болуы мүмкін.

Шунтқа тәуелділікпен және шунт дисфункциясына байланысты туындайтын ықтимал асқынулар мен салдарларды ескере отырып, шунттайтын жүйенің параметрлерін таңдау үшін симптомдардың динамикасын, МРТ, КТ, тап-тесті бағалай отырып, мұқият талдау қажет. Әдетте біз вентрикулоперитонеальды немесе алдын-ала орнатылған немесе бағдарламаланатын клапаны бар вентрикулолумбальды айналып өтуді жүзеге асырамыз.


Бет нервісінің зақымдануы

Ми ісігін алып тастау операциясынан кейін немесе басқа себептерге байланысты (жарақат, инсульт) бет бұлшықеттерінің сал ауруы пайда болуы мүмкін, беттің жүйкесінің зақымдануына байланысты зақымдану деңгейі мен дәрежесі электронейромиография арқылы анықталады. Мұндай жағдайда, тіл-жұтқыншақ-бет анастомозы операциясының көмегімен зақымдану аз болған жағдайда, жүйке функциясын ішінара қалпына келтіруге болады.


Бассүйекішілік гематомалар, бас сүйегінің ақауларын жабу

Субдуральды, эпидуральды және миішілік гематома, мидың контузиясы, бас сүйегінің депрессиясы - бұл бас миының жарақатының салдары, онда мидың қысылуын жою операциясы шұғыл немесе жедел түрде жасалады. Трепанациядан кейін бас сүйегінің ақауы әртүрлі импланттарды қолдану арқылы жабылуы мүмкін, үш өлшемді жеке краниопластика да қол жетімді.


Киари Мальформациясы және сирингомиелия

Аурудың үдемелі симптомдары (бастың желке тұсының ауыруы, қол мен аяқтардың ұйып қалуы және әлсіздігі, бас айналуы, жүрістің тұрақсыздығы және басқалары) болған кезде артқы бас сүйек шұңқырына декомпрессия орындалады, кейде терминалдық жіпті бөлу жолымен бекітілген жұлын синдромын жою қажет.


Омыртқа, жұлын және перифериялық нервтердің нейрохирургиясы

Командалық тәсіл қарқынды дамуға және мынадай жағдайлар мен аурулар кезінде жоғары технологиялық араласуды (нейромониторингпен микрохирургия, түрлі металл конструкцияларын тұрақтандыру, стимуляторларды имплантациялау, нервтер тасымалдау) тиімді жүргізуге мүмкіндік береді:

  • Дискінің жарығы
  • Жұлын және омыртқа ісіктері
  • Жұлын каналының стенозы
  • Омыртқаның тұрақсыздығы
  • Арқадағы ауырсыну
  • Перифериялық нервтер мен өрімдерінің зақымдануы