Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Резидентура

Аурухананың "Сәулелік диагностика" білім беру бағдарламасы бойынша "7R091 Денсаулық сақтау (медицина)" дайындау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметіне лицензиясы бар.

НПР Приложение к лицензии
НПР Лицензия

Медициналық резидентура (бұдан әрі – резидентура) – мақсаты тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіби біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру нысаны.

Дәрігер-резидент (бұдан әрі – резидент) – басшының/тәлімгердің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеретін дәрігер;

Резидентураның мақсаты қандай да бір мамандық бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін маман дәрігерлердің сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.

Резидентурада кадрларды даярлауы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Резидентурада оқыған кезде резидент бірқатар артықшылықтарға ие болады: таңдалған бейін бойынша терең білім алып, дәрігерлік қызмет тәжірибесіне ие болады.

Резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша дәрігер біліктілігін алу кәсіби өсу мен дамудың айтарлықтай кең мүмкіндіктерін ашады.

Резидентурада оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты 2 жылдан 4 жылға дейін.

Резидентурада оқу уақыты дәрігер-маманның жұмыс өтіліне есептеледі.




Аурухана серіктестері