Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік жас ғалым – 2022» медалі

  14.07.2022

Медициналық туризм, маркетинг және жарнама бөлімінің қызметкері Наргиз Зулхаш ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік жас ғалым – 2022» медалімен наградталды. 
Бұл іс-шара «Бөбек «Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өтті.

Жобаға ТМД елдерінен ғылым-білімнің дамуына орасан үлес қосқан үздік жас ғалымдар қатысты. Бұл жобаның басты мақсаты – жас ғалымдардың ең маңызды және инновациялық жобаларын жарыққа шығару, ғылыми мүдделерін жетілдіру, ғылымды дамыту үшін ортақ біріктіруші орта құру. Наргиз Зулхаш – Астана медицина университетінің докторанты. 

Наргиз Зулхашты марапатымен шын ниетпен құттықтаймыз, оған ғылыми қызметінде табыс және қызықты жобалар тілейміз.

34277b77-8c35-499e-940c-301b39761328.jpg dd5ec637-196d-4357-9f1a-40c873a49fb5.jpg


Аурухана серіктестері