Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ЖҮРЕГІҢІЗГЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

  19.07.2022

Жүрек – адам организміндегі ең маңызды ағза: адам өмірі оның саулығына тікелей байланысты. Сонымен қатар, статистикаға сүйенсек, бүгін әлемде ең кең таралған ауру – жүрек-қантамырлары аурулары. Президенттік клиниканың кардиологтары жүректі емдеудің және аурудың ауыр салдарларын болдырмаудың қыр-сырын біледі. Бәрімізге олардың кеңесін тыңдаған жөн болады.

Әдетте, жүрек аурулары баяу дамиды. Сондықтан қажетті шара қабылдауға мүмкіндік болу үшін аурудың басталуын уақытында анықтау маңызды. Кардиолог пен учаскелік терапевтке уақтылы қаралу көп жағдайда ауру асқынуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Президенттік клиниканың бас кардиологы, м.ғ.д., жоғары біліктілік санатты кардиолог Әлия Жолдасбекова атап өткендей – Аурухана кардиологтарының негізгі міндеті – жіті миокард инфарктісіне жеткізбей, коронарлық қантамырларын уақытылы диагностикалау және реваскуляризациялау.

Президенттік клиникада 15 кардиолог дәрігер халыққа медициналық көмек көрсетеді, төртеуінің жоғары біліктілік санаты бар, он бірі – бірінші санатты маман. Тек 2022 жылғы бірінші жартыжылдықта ғана Президенттік клиникада 579 адам емделіп, коронароангиографиядан 100 адам өтті, оның ішінде 11 пациентте коронарлық арнаның көпқантамырлы зақымдануы анықталып, хирургиялық реваскуляризация – АКШ (аортокоронарлық шунттау) жасалды, 40 коронарлық қантамырларды стенттеу операциясы жасалды.

Қандай симптомдар кардиологқа жүгінуге себеп бола алады? Олар – жүрек аймағындағы ауырсыну, жүрек ырғағының бұзылуы, ентігу, жиі бас айналу, көп терлеу, себепсіз әлсіздік, тез және шамадан тыс шаршау, тез салмақ қосу, қан қысымының бірден өзгеруі, ревматоидтық көріністер, аяқ ісінуі, жүктілікті жоспарлау.

Бас кардиолог Әлия Жолдасбекова жүрек пен қантамырларының саулығы үшін бірнеше қарапайым кеңеске құлақ асуды ұсынады.

«Ең алдымен, қан қысымын бақылаңыз. Майлы, тәтті, тұзды және ащы тағамдар тұтынуды шектеңіз. Салмағыңызды, холестерин деңгейін (ТТЛХС), несеп қышқылының деңгейін бақылаңыз. Көбірек қозғалыңыз. Денсаулықты нығайтудың ең оңай жолы – серуендеу. Күніне 10 000 қадам жүру – артериялық гипертония, коронарлық қантамырлар коллатералының дамуы, гиподинамия болдырмауға айтарлықтай септігін тигізеді, жиі күліңіз – күлкі денсаулығыңызды нығайта түседі!»


Аурухана серіктестері