Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дәрігер Төлеуованың күлімдеген күлкісі

  21.12.2020

Біз бүгін Президенттік клиника директорының емхана жөніндегі орынбасары Әлия Төлеуова туралы әңгімелейтін боламыз.

Әлия ханым бізбен өзінің қызығушылықтары туралы бөлісті: кітап оқу, сурет салу және тоқыма тоқу. Біз ол кісіден оқыған ең сүйікті кітабы туралы айтып беруін сұрадық:

«Сүйікті кітаптарым өте көп, олардың ішінен біреуін ғана бөліп алу қиындау. Әр кітапта жүрегіңде белгілі бір із қалдыратын дүние болады.

Бірақ соңғы оқыған кітаптарымның бірі – кеңес заманының қазақ жазушысы Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы. Егер кітаптан бүкіл кеңестік цензураны алып тастасақ, онда қазақ әйелінің өмірі мен тағдыры, оның барлық қиындықтары мен қуаныштары қалады. Бұл кітап маған қатты әсер етті.

Сонымен қатар, осы романды оқып болған соң, «Құланшы» заманауи өнер орталығында кеңес заманындағы қазақ суретшілерінің «Аңыздар» атты көрмесінде болдым. Ол жерде қазақ суретшісі Қаржасовтың «Жаңғырық»  картинасын көрдім. Осы картинадағы қабір басында сыйынып тұрған адам бейнелеген.... «Жаңғырық» - бұл біздің ата-бабаларымыз туралы естелік шығар. Картинаның Ғабит Мүсіреповтің романымен ұштасатыны соншалық, есімде өте қатты қалды».

Сондай-ақ, Әлия ханым бізбен өзінің өмірлік ұстанымымен ғана емес, сонымен бірге өзінің отбасы мүшелері жайлы да бөлісті:

«Қолыңнан келгенше жақсылық жаса. Отанға, адамдарға пайдаңды тигіз. Бұл менің бүкіл отбасымның өмір сүру принципі».

улыбка врача-10.png


Аурухана серіктестері