Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қатерлі ісік ауруымен күрескен пациент туралы тағы бір оқиға

  24.12.2020

"Ең бастысы - сіздер адамдарға өмір сыйлайсыздар, қуаныш сыйлайсыздар. Тек маған ғана емес, сондай-ақ Сіздерге алғысын жаудырып жатқан жақындарыма, туыстарыма және әріптестеріме қуаныш әкелдіңіздер. Мені күтіп, күн сайын қоңырау шалып: "Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» деп сұрап жатқан  пациенттерім және бар. Міне, ең бастысы осы емес пе?!»

Бұл сөздер Президенттік клиниканың уролог дәрігері Бақтияр Қасымовтың пациенттерінің бірімен болған  әңгіме барысында айтылған сөздер еді. Ол бізге өзінің тарихы туралы айтып берді.

Мұның бәрі пандемия кезінде басталған болатын: пациент зәрдегі қанды байқап, дереу дәрігерлерге жүгінген. Алғашқы емдеу көмектеспегендіктен,  дәрігерлер цистоскопия тағайындаған. Цистоскопия қуықтың ішкі күйін көрсететін тексеру. Бұл тексеру пациентте қандай да бір өсіндінің бар екендігін анықтады. Бірден қосымша зертханалық және аспаптық тексерулер жүргізілді. Дәрігерлердің диагнозы қорқынышты еді - қуықтың қатерлі ісігі. "Түңілгендей болдым, көңіл – күйім күрт нашарлады, қан қысымым өзгерді", - деп еске алады пациент.

"Мен бірден осы жағдайдан шығудың жолын іздей бастадым, басқа елдерде дәрігерлер мен ауруханаларды табуға тырыстым: Израиль, Түркия, Оңтүстік Корея. Әрине, пандемияға және бүкіл емдеудің құнына байланысты бұл опциялар қол жетімсіз болып шықты. Ресейден де іздедік. Бірақ, көрдіңіз бе, мен туыстарым туралы ойладым, өйткені операцияның нәтижесі қандай болатынын білмеймін ғой"- дейді пациент.

Жақын арада пациентке Президенттік клиника дәрігерлерінің бірі Бахтияр Қасымовқа жүгінуге кеңес береді. Қоңырау шалып, кеңес алуға келіседі. Зерттеу нәтижелерін зерттей келе, дәрігер Қасымов радикалды және өте көлемді операция жасауды ұсынды: қуықты, простата мен жамбас аймағындағы барлық лимфа түйіндерді алып тастау. Алайда, ол бұл операцияны минималды инвазивті әдіспен – лапароскопиялық жолмен жасауды ұсынды. "Әдетте өңірлерде мұндай операциялар жүргізілмейді, тек ашық немесе шетелдік дәрігерлердің шақыруымен ғана жүргізіледі, - дейді Бахтияр Галиевич, - басқа елдерде емделу мүмкіндігін күту қауіпті болды. Ай сайын пациент денсаулығының нашарлағанын сезе бастаған: ісік тіндерге еніп, метастаздар бүкіл денеге таралуы мүмкін еді. Барлық жағдайларды жан жақты қарастырып, біз пациентпен операция жасауға шешім қабылдадық".

Президенттік клиниканың №4 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Еңсебаевтың айтуынша, операция сәтті өткен. Пациенттің қауіпі мен жасына қарамастан ешқандай асқынуларға жол берілген жоқ. Техникалық тұрғыдан алғанда, операция ерекшеліксіз өтсе де, ол шамамен 10 сағатқа созылды. Қазір пациент Нұр-Сұлтанда химиотерапиядан өтіп жатыр, өзін жақсы сезінеді, операцияның салдарын байқамайды.

"Мен өзім 35 жылдық тәжірибем бар дәрігермін және бұл қандай күрделі операция екенін түсінемін",-дейді пациент. -Менің жасым мен қысымыма байланысты мүмкіншілігім 50/50 болды. Бірақ әріптестерімнің арқасында мен тірі және саумын және оларға ризамын. Күн сайын оянып, Бахтияр Галиевичті еске аламын. Мен Қазақстанда мұндай дәрігерлер көп деп үміттенемін".

Дәрігер Қасымовтың пікірінше, Қазақстанда халықаралық әріптестермен тең дәрежеде операцияларды орындайтын мамандардың жарақтандырылуы мен "арсеналы" айтарлықтай жоғары. Бұл дегеніміз, Қазақстан азаматтары біздің ауруханаларда ем ала алады және басқа елдерге сапарларға үлкен қаражат жұмсамауларына болады.

"Мен Қазақстандағы медицина болашағына үлкен үмітпен қараймын!"- пациент өз әңгімесін осылай аяқтап, дәрігерлерге тағы да алғысын білдірді.

f457ad24-b136-4b52-858e-5878ed9c7d5e.jpg


Аурухана серіктестері