Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Биоимпедансометрия туралы

  20.12.2020

Биоимпедансометрия. Бұл сөз осы терминнің артында «жасырылған» зерттеу сияқты өте күрделі және түсініксіз болып көрінуі мүмкін. 

Сондықтан, бүгін біз ол не үшін қажет және оны Президенттік клиникада қалай өтуге болатындығы туралы біраз айтып береміз

Дене құрамын не үшін білу керек?

Дене құрамының анализі немесе Биоимпедансометрия мыналарды көрсетеді:

  • дене салмағының индексін
  • май тінінің мөлшерін
  • бұлшықет массасының мөлшерін
  • денедегі сұйықтық мөлшерін
  • тыныштық жағдайындағы энергия шығындарын
  • ауытқулар және өзгерістер динамикасын

Бұл мәндер сіздің денеңіздің жағдайын бағалауға және қажет болған жағдайда диетаны реттеуге көмектеседі.

Құрамды қалай талдауға болады?

Президенттік клиникада биоимпедансометрияны дене құрамының анализаторы inbody 570 арнайы жабдығынан өтуге болады.

Биоимпедансометрия дене тіндеріндегі ток кедергісін өлшеуге негізделген. Басқаша айтқанда, InBody 570 дененің бойымен аз ток зарядын жібереді және қарсылықты өлшейді. Тексеру өте қарапайым және пациент үшін ыңғайсыздық туғызбайды.

Мұны білу кімдерге керек?

Негізінен, мұны әртүрлі аурулары бар пациенттер білуі керек:

  • семіздік
  • анорексия
  • гепатиттер
  • бауыр циррозы

Сондай-ақ, дене салмағын бақылау үшін спортпен шұғылдану кезінде қолданады.

Маңызды ақпарат!

Кардиостимуляторы бар адамдарға және жүкті әйелдерге жүргізілмейді.

Сіз бұл тексеруді Президенттік клиниканың функциялық диагностика бөлімшесінде өте аласыз!

Анықтама алу және жазылу үшін телефондар: +7 (7172) 70-80-90, +7(7172)70-80-58.

44.png


Аурухана серіктестері