Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Тұрақты медициналық тексеруден өту неге маңызды?

  22.09.2020

Көптеген аурулармен күресудегі шешуші фактор ол - ауруды ерте анықтау болып табылады. Мысалға, адам өз қанындағы холестериннің жоғары деңгейі туралы неғұрлым тезірек білсе, соғұрлым ол жүрек-тамыр ауруларының алдын алу үшін белгілі бір әрекеттер жасай алады.

Медициналық тексеру жүргізу кезінде пациенттің жалпы денсаулық жағдайын көрсететін және жынысы мен жасына байланысты аурулардың болуын анықтайтын бірқатар тексерулер жүргізіледі. Мысалы, ересектердегі тексерулердің бірі - қандағы ісік маркерлерінің болуы мен деңгейіне жасалатын анализ болып табылады. Бұл онкологиялық ауруды ерте кезеңде "ұстап" алып, яғни ерте анықтап, пациентке де, дәрігерлерге де аурумен күресуге көмектеседі.

Барлық тексерулерден өткеннен кейін пациент түсініксіз нәтижелері бар анализдермен жалғыз қалып қалмайды. Керісінше, дәрігер-терапевт пациентке кеңес беріп, алаңдатқан барлық сұрақтарға жауап береді.

Сіздің Президенттік клиникада әйелдерге де, ерлерге де арналып жасалған Check-Up бағдарламаларына сәйкес медициналық тексеруден өтуге тамаша мүмкіндігіңіз бар.

Президенттік клиникадағы check-up бағдарламалары туралы толық ақпаратты Аурухананың ресми сайтынан таба аласыз. Сондай-ақ, Сіз 8 (7172) 70-80-90 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласа аласыз.

Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!

ММД для ИГ-9.png


Аурухана серіктестері