Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы дәрігерлерінің Атыраудағы жұмыс сапары: 14 операция, 165 дәрігерлік кеңес, 7 дәріс

  29.05.2023
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы дәрігерлерінің Атыраудағы жұмыс сапары: 14 операция, 165 дәрігерлік кеңес, 7 дәріс

«ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» жобасы аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері Атырау облысында төрт күндік тәжірибе алмасу шарасына қатысты.

Жұмыс сапарының алғашқы күнінде жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев басында қатерлі ісігі бар, ми аневризмасы бар және ми қантамыры күрт тарылған 5 науқасқа күрделі операция жасады және 46 атыраулық тұрғынға жеке консультация жүргізді.
МО ауруханасы директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Карабаева атыраулық әріптестерге аурухананың төсек-орындарын пайдалану бойынша 35 дәрігерге шеберлік сабағын жүргізді және өңірдегі түрлі аурухананың 17 маманына дәріс оқыды.
ҚР ПІБ МО ауруханасы Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты анестезиолог дәрігер Бауыржан Бабашев шеберлік сабағында жергілікті ауырсынуды басудың екі тың әдісін 5 дәрігерге үйретті.
Делегация құрамындағы пульмонолог дәрігер Мадина Есенгелдинова өңірдің 22 тұрғынына жеке қабылдау жүргізіп, 15 маманға өкпенің созылмалы обструктивті және интерстициальды аурулары туралы дәріс оқыды.
Сонымен қатар МО ауруханасы Сheck-Up бөлімшесінің меңгерушісі Жазира Тұңғышбаева 25 адам қатысқан дәрісте науқастарға амбулаториялық көмек көрсетудің заманауи мүмкіндіктері, check-up-ті тиімді ұйымдастыру туралы ауқымды ақпаратпен бөлісті.
Аллерголог дәрігер Ботагөз Давлетова атыраулықтарға 21 кеңес жүргізіп, 14 адамға сала бойынша дәріс оқыса, Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының басшысы Гүлшара Әбілдинова 10 онкологиялық диспансер маманына, қалалық перзентхананың 40 дәрігеріне сабақ өтті.
Аурулардың алдын алуда диагностикалау, заманауи әдістерімен бөлісу, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, күрделі операциялар жасаудағы жаңаша әдістермен бөлісу мақсатындағы іссапардың екінші күнінде ҚР ПІБ МО ауруханасының травматолог дәрігері Асқар Баймұхаметов тізе буынының артроскопиясы бойынша бір науқасқа күрделі операция жасады және 36 тұрғынды жеке қабылдады.
Іссапардың үшінші күні жоғары санатты гинеколог дәрігер Талғат Капаков үлкен өлшемді жатыр миомасы бар науқасқа және гистерэктомия және миомэктомиялық 8 лапароскопиялық операция жасады және бір операцияда атыраулық әріптестердің шеберлігін шыңдауға үлес қосты, сондай-ақ өңір тұрғындарына 40 консультация жүргізді.Барлығы 14 операция, 165 дәрігерлік кеңес, 165 маманға 7 дәріс берумен қорытындыланған жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы және Атырау облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын да атап өту маңызды.

Республиканың өзге де аймақтарында тәжірибе алмасу және халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында аурухана ұжымының жұмыс сапары әрі қарай жалғасын табады деп жоспарлануда.






Аурухана серіктестері