Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығында радиофармацевтикалық препарат шығарылды

  03.04.2023
ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығында радиофармацевтикалық препарат шығарылды

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығында екінші радиофармацевтикалық дәрілік препарат - 18F-NaF шығарылды. Бүгінде алғашқы пациенттерге ПЭТ/КТ зерттеулері жүргізіліп, сәтті нәтиже көрсетті. Радиофармацевтикалық препаратты қолданудың негізгі мақсаты сүйек тініндегі қатерлі ісіктерді диагностикалау, оның ішінде бастапқы түзілімдерді, сүйек метастаздарын, сондай-ақ олардың орналасу орнын анықтау.

18F-NaF қолдануымен ПЭТ/КТ зерттеуі тек онколог дәрігердің тағайындауы бойынша ғана жүргізілетінін еске саламыз. Дәрігерлер диагностикалық алгоритмді пациенттердің шағымдары мен клиникалық-зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып таңдайды.

ҚР ПІБ МО ауруханасы Ядролық медицина орталығының басшысы Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, орталық осындай диагноз қойылған пациенттерді қабылдауға толықтай дайын. Айта кетейік, елордада орналасқан бірегей Ядролық медицина орталығы өз жұмысын 2022 жылдың қазан айында бастады. Өткен жылы орталық мамандары 6 мыңнан астам зерттеу жүргізді. Ал 2022 жылдың желтоқсанында алғашқы радиофармацевтикалық препаратты шығарып, қолданысқа енгізді. Мамандар үшінші радиофармацевтикалық дәрілік препараты биылғы жылдың маусым айына жоспарланғанын айтты.





Аурухана серіктестері