Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Халықаралық бағдарламалар орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

  30.03.2023
ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Халықаралық бағдарламалар орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


2023 жылғы 29 наурызда ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мен «Халықаралық бағдарламалар оралығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесті. Кездесу аясында еліміздің медицинасын дамыту, халықаралық тәжірибе алмасу және жас мамандарға арналған білім беру гранттарын ұлғайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық бағдарлама түлектері әлемнің түрлі жоғары оқу орындарында алған тәжірибелерін ортаға салды.


Кездесуге осы бағдарламаның түлектері – ҚР ПІБ МО ауруханасының директоры Рустам Албаев пен директордың хирургия жөніндегі орынбасары Мыңжылы Бердіқожаев қатысып, шетелде алған білім тәжірибелерімен бөлісі. Директордың емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева түлектерге паценттерді диагностикалау және оңалту саласында өз ұсыныстарын берді.


Кездесу соңында ҚР ПІБ МО басшысы Алексей Цой мен «Халықаралық бағдарламалар оралығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат бөлінетін гранттар санын арттыруға мүмкіндік бере отырып, еліміздің медицинасын одан әрі дамыту үшін мамандар дайындайды. Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде академиялық оқудан (магистратура, докторантура) және ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.



Аурухана серіктестері