Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиникадағы “Ashyq” қосымшасы

  29.07.2021
Президенттік клиникаға күн сайын жүздеген пациент келеді, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер бір-бірімен, сонымен қатар пациенттермен тығыз байланыста болады. Сондықтан пациенттердің де, дәрігерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды, әсіресе пандемия кезінде.

Осыған байланысты, Президенттік клиника "Ashyq" қосымшасының қатысушысы болды, қосымша пациенттердің Ауруханада болуы, консультация және қажетті ем алуы кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біздің клиникадағы "Ashyq" қосымшасы басқа ұйымдар мен мекемелерге ұқсас жұмыс істейді. Мысалы, Ауруханаға кірген кезде QR кодын келесі қосымшалардың бірі арқылы сканерлеу керек:
  • Ashyq
  • E-gov mobile
  • Kaspi.kz
  • Halyk Homebank
Осыдан кейін клиниканың кіреберісіндегі жауапты адамға мәртебені көрсету қажет. Аталған қосымшалар болмаған жағдайда, мәртебені тексеруге жауапты клиника қызметкеріне жүгіне аласыз. Қызметкер ЖСН енгізіп, мәртебені тексере алады. “Ashyq” қосымшасында 4 мәртебе бар:
  • Егер мәртебе - жасыл болса, Сіз клиникаға ешқандай шектеусіз кіре аласыз. Жасыл мәртебе COVID-19-ға теріс ПТР талдауының болуын білдіреді. Теріс ПТР талдауы талдау нәтижесін алған күннен бастап үш күн бойы сақталады. Сондай-ақ, жасыл статус вакцинацияның толық курсын алғандарға беріледі.
  • Егер мәртебеңіз - көк болса, онда Сіз клиникаға кіре аласыз. Көк мәртебе ПТР талдауының жоқтығын және жұқтырған науқастармен байланыстың болмауын білдіреді.
  • Егер мәртебеңіз - сары болса, онда Сізге клиникаға кіруге шектеу қойылған. Сары мәртебе ауруды жұқтырған пациентпен байланыста болуды, бірақ ПТР талдауының болмауын білдіреді.
  • Егер мәртебеңіз - қызыл болса, Сізге клиникаға кіруге шектеу қойылған. Қызыл мәртебе аурудың болуын және COVID-19-ға ПТР талдауының оң нәтижесін білдіреді. Егер мәртебеңіз қызыл болса, онда Сізге аурудың ауырлығына байланысты үй карантині немесе стационарлық емдеу қажет.
"Ashyq" қосымшасы шетелдік келушілер үшін де қол жетімді, олар клиникаға кіруге жауапты қызметкерге барып, төлқұжат нөмірін беруі керек. Қызметкер Сіздің мәртебеңізді "Ashyq" қосымшасында анықтай алады.

Сондай-ақ, Сіз емханаға бармай-ақ, жоғарыда аталған қосымшаларда өз мәртебеңізді тексере аласыз.

Аурухана серіктестері