Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

23 мамырда ПІБ МО ауруханасында Ядролық медицина бойынша ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастайды

  22.05.2023
23 мамырда ПІБ МО ауруханасында Ядролық медицина бойынша ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастайды

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

Қазақстанда алғаш рет ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында 23-25 мамыр күндері «Қазіргі заманғы ядролық медицина: диагностикадан тераностикаға дейін» ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция жұмысына ядролық медицина саласындағы Қазақстан мен ТМД елдерінің жетекші мамандары мен ғалымдары (сәулелік диагностика дәрігерлері, онколог, кардиолог, уролог, радиохимик, химик-аналитик, клиникалық физиктер мен басқа да мамандар) қатысады, олар жүрек, қуықасты безі және эндокриндік ауруларды диагностикалауда зерттеудің жаңа әдістерін енгізуді талқылайды.

23 мамыр: С3 блогта (Ядролық медицина орталығының жаңа корпусы) ядролық медицина, сәулелік диагностика дәрігерлері, кардиолог, онколог, кардиохирургтер үшін жүрек инфекциялары мен ісіктерін ядролық диагностикалаудың жаңа әдістері, миокардтың өміршеңдігін бағалау бойынша шеберлік сабақтары өтеді.

Химик, физик, радиофармацевттерге арналған шеберлік сабақтарында сарапшылар биылғы жылы МОА Ядролық медицина орталығы өндіре бастаған 11с-метионин (көміртек-метионин) радиофармацевтикалық препаратын өндіру және оның сапасын бақылау жөніндегі ақпаратпен бөліседі.

24 мамыр сағат 9:00-де ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой және МОА директоры Рустам Албаевтың, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен Конференцияның ресми ашылуы өтеді.

Конференцияның пленарлық сессияларында ТМД мамандарының қатысуымен урологиялық, кардиологиялық және эндокриндік ауруларды ерте диагностикалау үшін МОА Ядролық медицина орталығы өндіретін жаңа радиофармацевтикалық препараттарды қолдану әдістері қаралатын болады.

25 мамыр: Ядролық зерттеулердің практикалық шеберлік сабақтары мен жаңа технологияларына арналады (С3 блокта өтеді).

Дәрігерлер, физиктер, химиктер үшін С3 блокта (Ядролық медицина орталығының жаңа ғимараты) әртүрлі аудиторияда және бір уақытта өтетін шеберлік сабақтарының соңғы күні.

Дәрігерлер үшін қуықасты безіне тән мембраналық антиген (ПСМА) лигандысы негізінде қуықасты безінің диагностикасы және басқа патологияларға диагноз қою туралы ақпарат ұсынылады.

Химиктер, физиктер, радиофармацевтер үшін 18F-DOPA радиофармацевтикалық препаратын өндіру және оның сапасын бақылау таныстырылады.

Анықтама үшін:

Ядролық медицина – радиоизотоптар қолданылатын медицина саласы. Бүгінгі таңда ядролық медицина адам ағзасының барлық жүйесін зерттеуге мүмкіндік береді және неврология, кардиология, онкология, эндокринология, пульмонология және медицинаның басқа салаларында қолданылады.

ҚР ПІБ МО ауруханасының негізінде 2022 жылы тиісті өндірістік практиканың (GMP) халықаралық талаптары бойынша жұмыс істейтін және елімізде осы саланың дамуына үлкен серпін беретін Ядролық медицинаның бірегей орталығы ашылды. Ол пациенттерге радиоизотопты диагностикалаудың уақтылы, жоғары білікті, жоғары мамандандырылған қызметтерін ұсынады.

МОА Ядролық медицина орталығының мамандары ТМККК және МӘМС шеңберінде диагностика хаттамалары мен тарифтерді бекіте отырып, елімізде бірінші болып ядролық медицинаның 20 жаңа технологиясын енгізді.

16 желтоқсан 2022 жылыы МОА өзінің алғашқы радиофармацевтикалық препараты –18F – fdg (фтородезоксиглюкоза), 31 наурыз 2023 жылы екінші радиофармацевтикалық препарат – 18F-NAF (натрий фториді) өндірілді.

Қазіргі уақытта МОА Ядролық медицина орталығы қуықасты безінің қатерлі ісігін, нейроэндокриндік патологияларды және сүйек-буын жүйесінің ауруларын диагностикалау үшін фтор мен галлий негізіндегі 4 радиофармацевтикалық препаратты өндіруді жолға қойды. 2026 жылдың соңына дейін тағы 7 радиофармпрепарат өндірісін жолға қою жоспарлануда.

Практикалық конференция GE (General Electric) компаниясының қолдауымен өткізіледі.

Өтетін орны: ҚР ПІБ МО ауруханасы

Мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 80

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпарат:

+7 702 408 0340, +7 700 777 78 87

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Баспасөз қызметі


Аурухана серіктестері