Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицина блогының Диагностика орталығы  ТМККК шеңберінде ПЭТ/КТ тексеруден өте алмаған барлық онкологиялық пациенттер үшін кезектің сақталатындығына кепілдік береді

 19 наурыз 2020 жыл
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицина блогының Диагностика орталығы елде төтенше жағдай мен медициналық ұйымдарда карантиннің енгізілуіне байланысты, ТМККК шеңберінде ПЭТ/КТ тексеруден өте алмаған барлық онкологиялық пациенттер үшін кезектің сақталатындығына кепілдік береді.

Қайырлы күн! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы елімізде 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты карантинге жабылды

Қайырлы күн! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы елімізде 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты карантинге жабылды

 19 наурыз 2020 жыл
Қайырлы күн! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы елімізде 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты карантинге жабылды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

 17 наурыз 2020 жыл
«Медициналық ұйымдарда санитариялық-карантиндік шаралар күшейтілді. Бүгіннен бастап (17.03.2020 ж.) барлық медициналық ұйымдарда - бұл ауруханалар, бұл медициналық-әлеуметтік мекемелер, қарттар үйлері, интернаттар, карантин енгізіледі. Осы объектілерге, ұйымдарға жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінен басқа тұлғаларға баруға тыйым салынғанын білдіреді. Бұл – осы мекемелерде жатқан пациенттерімізді қорғауға бағытталған. Бұдан басқа, осы медициналық ұйымдарда санитариялық-карантиндік шаралар күшейтілуде, оның ішінде фото және бейне түсірілімге тыйым салынды».

Ресми хабарлама: Президенттік клиника санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтеді

Ресми хабарлама: Президенттік клиника санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтеді

 16 наурыз 2020 жыл
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы елімізде 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жаңа жағдайда жұмыс істейтін болады

Президенттік клиниканың командасы медициналық ұйымдар арасында боулинг бойынша өткен қалалық турнирде 18 команданың ішінен 2 орынды иеленді

Президенттік клиниканың командасы медициналық ұйымдар арасында боулинг бойынша өткен қалалық турнирде 18 команданың ішінен 2 орынды иеленді

 12 наурыз 2020 жыл
Президенттік клиниканың командасы медициналық ұйымдар арасында боулинг бойынша өткен қалалық турнирде 18 команданың ішінен 2 орынды иеленді. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының әйелдер құрамасы: кеңсе меңгерушісі Әсел Балпанова және дәрігер-реабилитолог Гүлжан Дүзелбаева тартысты байқауда №1 қалалық аурухананың командасын алға жіберіп, № 3 перзентхананың құрамасын артта қалдырып, жүлделі үштікке енді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылғы 11 наурызда коронавирустық инфекцияны пандемия деп жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылғы 11 наурызда коронавирустық инфекцияны пандемия деп жариялады

 12 наурыз 2020 жыл
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылғы 11 наурызда коронавирустық инфекцияны пандемия деп жариялады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғау үшін коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша іс-шараларды әзірледі. Президенттік клиника келесі іс-шараларды дайындады.

Президенттік клиникадан пайдалы кеңестер. УК - сәулелерінің теріге әсері!

Президенттік клиникадан пайдалы кеңестер. УК - сәулелерінің теріге әсері!

 11 наурыз 2020 жыл
Көктемнің келуімен күн ұзарып, ауа-райы жылу сыйлап, көп уақытымызды таза ауада өткізгіміз келеді. Алайда, көктем мезгілінде ультракүлгін сәулесінің қарқынды бола түсетіндігі жайлы бәрі біле бермейді. Ол несімен қауіпті және өзіңізді, жақындарыңызды шамадан тыс ультракүлгін сәулесінен қалай қорғауға болады? Бұл туралы біздің пайдалы инфографикамыздан оқыңыз.

2020 ЖЫЛҒЫ 8 - 14 НАУРЫЗ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ГЛАУКОМА АПТАЛЫҒЫ

2020 ЖЫЛҒЫ 8 - 14 НАУРЫЗ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ГЛАУКОМА АПТАЛЫҒЫ

 11 наурыз 2020 жыл
Глаукома – дамыған елдерде, оның ішінде Қазақстанда да көз көруінің нашарлауы және қайтымсыз соқырлықтың негізгі себептерінің бірі.
Жыл сайын наурыз айының басында Дүниежүзілік глаукома апталығы өткізіледі. Оның мақсаты – халықтың назарын осы проблемаға аударту және көздің ішкі қысымын өлшеу – тонометрия негізінде ерте диагностикалау мүмкіндігі.

Қымбатты арулар!

Қымбатты арулар!

 6 наурыз 2020 жыл
Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер – бойына мейірім, жылулық, махаббат пен ізгілікті дарыта білген дара жансыздар.
Сіздер – бір отбасын ғана емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербеткен, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер.
Сіздер – тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысысыздар.
Жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! Жылдың әрі күні сіздерге және сіздердің жанұяларыңызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!

Бүгін Президенттік клиникада «Нұр Отан» партиясының филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасымен кездесу өтті

Бүгін Президенттік клиникада «Нұр Отан» партиясының филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасымен кездесу өтті

 5 наурыз 2020 жыл
Бүгін Президенттік клиникада «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Естай Сакенмен кездесу өтті.

Аурухана серіктестері