Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Терапия – көптеген бағыттарды қамтитын, медицинаның негізгі салаларының бірі

Терапия – көптеген бағыттарды қамтитын, медицинаның негізгі салаларының бірі

 30 маусым 2020 жыл
Бұл - пульмонология, кардиология, гастроэнтерология, урология, нефрология, эндокринология және т.б. Біздің клиникада терапия және оның барлық бағыттарының дамуына үлкен мән беріледі. Бұл біздің дәрігерлерімізге жиі кездесетін аурулардан бастап сирек кездесетін ауруларға дейін әр түрлі диагноздарды қоюға, сондай-ақ Қазақстанның барлық аймақтарынан, одан да тыс жерлерден келетін пациенттерді емдеуге мүмкіндік береді.


Соңғы бірнеше ай көптеген адамдардың өміріне қатты әсер етті. Әсіресе пациенттерді құтқаратын дәрігерлердің өмірі күрт өзгерді. Біз оларға: «рахмет!» - дегіміз келеді.

Соңғы бірнеше ай көптеген адамдардың өміріне қатты әсер етті. Әсіресе пациенттерді құтқаратын дәрігерлердің өмірі күрт өзгерді. Біз оларға: «рахмет!» - дегіміз келеді.

 25 маусым 2020 жыл
Президенттік клиниканың 14 медицина қызметкеріне "Халық алғысы" медалі табыс етілді. Бұл медаль Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы ерекше жетістіктері үшін, сондай-ақ пандемиямен күреске қосқан үлесі үшін тағайындалған.

Президенттік клиникадан пайдалы кеңестер. Абай болыңыз, кене!

Президенттік клиникадан пайдалы кеңестер. Абай болыңыз, кене!

 24 маусым 2020 жыл
Бәріміз өмірімізде бір рет болса да кенелер туралы естігенбіз, бірақ кене шаққан кезде не істеу керектігін бәріміз бірдей біле бермейміз. Мысалы, егер сізді кене шағып алса, онда оны абайлап пинцетпен шығарып алып, ал кененің өзін лақтырып тастамаңыз. Керісінше, кенені лақтырып тастауға болмайды, себебі ол әрі қарай диагностика жүргізу үшін қажет болады

Барлық медицина қызметкерлерін алда келе жатқан айтулы мереке – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз. Атаулы күні Сіздерге, атқарып жүрген еңбектеріңізге алғысымызды білдіріп, тек жақсылықтар тілейміз!

Барлық медицина қызметкерлерін алда келе жатқан айтулы мереке – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз. Атаулы күні Сіздерге, атқарып жүрген еңбектеріңізге алғысымызды білдіріп, тек жақсылықтар тілейміз!

 19 маусым 2020 жыл

Медицина қызметкерлері күніне орай мінсіз еңбек атқарғаны үшін, азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту ісіне елеулі үлес қосқаны үшін Президенттік клиниканың келесі қызметкерлері марапатталды


Президенттік клиникадан пайдалы кеңестер. Ыстық өту және күн өту

Президенттік клиникадан пайдалы кеңестер. Ыстық өту және күн өту

 17 маусым 2020 жыл
Біздің елде боран, нөсер немесе қатты жел сияқты кез келген ауа-райына дайын болу керек. Ал жазғы ауа райы ерекше назар аударуды талап етеді, себебі жылдың ең сүйікті мезгілінде оп-оңай ыстық немесе күн өткізіп алуға болады. Қос жағдайда да адам температурасы Цельсий бойынша 40 градустан асып, әлсіреуге, тіпті өліме алып келуі мүмкін. Сондықтан да ұсыныстарды ұстанып, симптомдарды танып, бұл жағдайларда не істеу керектігін білу өте маңызды.

COVID-19 бойынша жадынама

COVID-19 бойынша жадынама

 17 маусым 2020 жыл

Пандемия жағдайында инфекцияның таралуына және елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу – әрбір адамның әлеуметтік жауапкершілігі. Симптомдары айқын көрінетін инфекция жұқтырған адамдардан басқа, аурудың ағымы симптомсыз өтіп жатқан, коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар да бар. Біз Өздеріңізбен екі жағдайға да қатысты қазақ және орыс тілдерінде әзірленген жаднамамен бөлісеміз. Өзіңізге сақтап алып, жақындарыңызбен бөлісіңіз!


Дүниежүзілік қан доноры күні

Дүниежүзілік қан доноры күні

 10 маусым 2020 жыл
2005 жылғы мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы кезінде 14 маусымды «Дүниежүзілік қан доноры күні» деп белгілеу туралы шешім қабылданды. Атаулы күн кездейсоқ таңдалмаған: 1868 жылы дәл осы күні 1930 жылы адамның қан топтарын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған Карл Ландштейнер дүниеге келген.

Құрметті Қазақстандықтар! Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!

Құрметті Қазақстандықтар! Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!

 4 маусым 2020 жыл
Атаулы күні біз тек мемлекеттік рәміздеріміз — Ту, Елтаңба және Әнұранды ғана емес, сонымен қатар оларды бейнелейтін мағынасын да атап өтеміз. Адалдық, бейбітшілік пен игілік, егемендік пен тәуелсіздік, жоғары мақсаттар мен тұрақты болашаққа ұмтылу, халықтың бірлігі мен Қазақстанның тұрақты дамуы.

Су жағасында демалу кезіндегі қауіпсіздік туралы

Су жағасында демалу кезіндегі қауіпсіздік туралы

 3 маусым 2020 жыл
Соңғы күндері күннің күрт ысып кетуіне байланысты, көптеген адамдар достарымен, отбасымен су жағасына барып демалуды, суға түсіп, біраз күн көзіне қыздырынуды ойлап жүр. Өкінішке орай, олардың басым көпшілігі жағажайда өзін ұстау ережелерін, берілетін ұсынымдар мен салынатын тыйымдарды естерінен шығарып жатады. Сақтық шараларын дер кезінде сақтамаудың салдарынан, су жағасындағы қарапайым демалыс – өміріңіздегі ең қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін.


Аурухана серіктестері