Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дауысты қалпына келтіру бойынша операция – дауыс шымылдығының біржақты парезі кезінде инъекциялық ларингопластика

  27.07.2022
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының оториноларинголог дәрігері, фониатр Дмитрий Когай дауысты қалпына келтіру бойынша операция – дауыс шымылдығының біржақты парезі кезінде инъекциялық ларингопластика жасайды.

Пациент ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасына дауысының әлсіз шығуына және тамақтану кезінде шашалуына шағымданып келген. Пациенттің өзі бұның себебі 2 ай бұрын жасалған қалқаншабезді алып тастау операциясы деп болжайды. Консультация кезінде бейне ларингоскопия жасалды: дауыс шымылдығының біржақты парезі, фонация кезінде дауыс шымылдығы саңылауының толық жабылмауы анықталды. Пациентке инъекциялық ларингопластика жасалады. Қысқа уақыт ішінде пациенттің дауысы қалпына келіп, күнделікті өміріне қайта оралды.

Бұл дауыс қатпарларының біржақты параличі бар пациенттерді емдеуде қолданылатын дәлелденген клиникалық тиімді және қауіпсіз әдіс екенін айта кету керек. Инъекциялық ларингопластикаға көрсетілім – дауыс шымылдығының жеткіліксіздігі.
Бұл жағдай мынадай аурулар кезінде кездеседі:
- дауыс шымылдығының параличі
- дауыс шымылдығының парезі
- дауыс шымылдығындағы тыртық
- пресбиларингит
- дауыс шымылдығының жас ерекшелігіне байланысты өзгеруі
- травмадан кейін көмей шеміршектерінің ауытқуы
 
ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында фониатр дәрігер қызметінің кең ауықымы, дауыс шымылдығы ауруларына консервативтік және хирургиялық ем көрсетіледі.
 
Сall-орталық нөмірі: 8 (7172) 70-80-90

Аурухана серіктестері