Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлерді бейімдеу жұмыстары жалғасуда

  01.04.2026
Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлерді бейімдеу жұмыстары жалғасуда

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жұмысқа жаңа қабылданған жаңа қызметкерлерді бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Тәлімгерлік бағдарламасы аясында Бас тәлімгер Сәуле Дүйсебекқызы Кисикова Аурухананың қызметі туралы таныстыру презентациясын өткізді. Кездесу барысында жұмысқа қабылданған қызметкерлер мекеменің құрылымымен, негізгі қызмет бағыттарымен және корпоративтік құндылықтарымен танысты. 2026 жылғы 1 қаңтар мен 27 ақпан аралығында өткен таныстыру презентациясына әкімшілік-басқарушылық персоналы мен инженерлік-шаруашылық қызметінің 17 қызметкері қатысты.

Жиын барысында 2025 жылғы желтоқсан айында сынақ мерзімінен өткен қызметкерлермен жүргізілген жұмыстар да талқыланды. ІІ санат тәлімгерлері жаңа қызметкерлердің бейімделу кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Өз тәжірибелерімен IT-басқармасының ақпараттық жүйелер секторының меңгерушісі Нұрқанат Кенжеғали және байланыс пен тележүйелер секторының меңгерушісі Манарбек Искендиров бөлісті. Олар тәлімгерлік кезеңінде кәсіби бейімделумен қатар корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға, ортақ іске жауапкершілікті арттыруға және командалық жұмысты нығайтуға ерекше мән берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде сынақ мерзімінен сәтті өткен қызметкерлер де сөз сөйледі. Олар ұжымдағы жұмыс туралы әсерлерімен бөлісіп, Медициналық орталық ауруханасында бейімделу тәжірибелері жайында айтты.




Аурухана серіктестері