Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

Жарты жыл ішінде Аутоиммунды аурулар орталығында 600 пациент ем алды

  26.08.2025
Жарты жыл ішінде Аутоиммунды аурулар орталығында 600 пациент ем алды

ҚР ПІБ МО ауруханасының Аутоиммунды аурулар орталығы 2023 жылғы қаңтарда аурухананың №5 терапия бөлімшесінің базасында құрылды. Орталық аутоиммунды ревматологиялық және нефрологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған көмек көрсетеді. Ол үшін 18 ревматологиялық және 5 нефрологиялық төсек-орын жұмыс істейді.

Орталық ревматологиялық аутоиммунды аурулармен, буындардың дегенеративті ауруларымен; бүйрек патологиясымен, оның ішінде гломерулярлық аурулармен ауыратын науқастарға диагностикалық, емдік көмек көрсетеді; контрастты индукцияланған нефропатияның дамуының алдын алу әдістерін қолдана отырып, бүйрек қызметі төмендеген пациенттерге; терапевтік бейіндегі пациенттерге, оның ішінде кең спектрді пайдалана отырып, диагностиканың зертханалық және аспаптық әдістерін қолдану арқылы коморбидті жағдайларда контрастты зерттеулер жүргізеді. Диагностикада аспаптық зерттеулерден басқа, орталық дәрігерлері бүйрек биопсиясы, тері астындағы май, тері жамылғысы, тоқ ішектің шырышты қабаты сияқты зерттеу түрлерін қолданады.

Орталықта Ресей, Израиль, Түркия клиникаларында үздіксіз оқитын білікті ревматолог, нефролог және терапевт мамандар жұмыс істейді.

Жарты жыл ішінде Орталық дәрігерлері ревматологиялық аурулары бар – 487 және нефрологиялық сырқаты бар 173, жалпы саны 600  пациентті қабылдап, ем тағайындады.

ҚР ПІБ МО ауруханасының Аутоиммунды аурулар орталығы жұмысының маңызды ерекшелігі – әр пациентті диагностикалау мен емдеуге мультидисциплинарлық, дербестендірілген тәсілді пайдалану.



Аурухана серіктестері