Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

ҚР ПІБ МО ауруханасы резидентура бағдарламалары бойынша оқуға құжат қабылдайды

  22.07.2025
ҚР ПІБ МО ауруханасы резидентура бағдарламалары бойынша оқуға құжат қабылдайды

ҚР ПІБ МО ауруханасы резидентура бағдарламалары бойынша 2025-2026 оқу жылына құжаттарды 3-25 шілде аралығында қабылдайтынын хабарлаймыз.

Резидентура бағдарламаларына мына бағыттар кіреді:

  • Радиология
  • Медициналық генетика
  • Урология және андрология (ересектер, балалар)
  • Кардиология (ересектер, балалар)
  • Ересектер онкологиясы
  • Оториноларингология (ересектер, балалар)
  • Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
  • Кардиохирургия (ересектер, балалар)
  • Ядролық медицина

Резидентураға түсу емтихандары 2025 жылғы 08-16 тамыз аралығында өтеді. Оған жоғары білім мен интернатураның білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданатынын айта кетейік. Толық ақпарат Аурухана сайтында көрсетілген.

Осы мамандықтарға түсу үшін өтінімдер күн сайын дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-14.00) офлайн түрде Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 495 көшесі, L блок, 6-қабат, 6.64-кабинетте қабылданады.

Байланыс нөмірі: +7 (7172) 70-79-52


Аурухана серіктестері